Алматыда адам азаптаған полиция қызметкері сотталды
Фото: Orda.kz
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған сотында полиция қызметкері «Азаптау» бабымен сотталды.
Orda.kz журналисі сот отырысына қатысып, мән-жайымен танысты.
Алматы қаласының тұрғыны Александр Зуев 2024 жылдың жаңа жыл түнінде көршілерімен автотұраққа бола жанжалдасып, бір көлікке зақым келтірген соң полицияға жеткізіледі.
Полиция бөлімінде одан полиция қызметкері көршісін ұрды деп көрсеткен хаттамаға қол қоюды талап етті. Зуев бас тартқан сәтте екі полицей оны үстелге жығып, қолын қайырып, кісендейді.
«Одан кейін полицейлер мені көтеріп, әжетхана жаққа қарай сүйрей бастады, аяқтан шалып, еденге құлатты.Бірінші полицей – рок стиліндегі музыканы барынша қатты қосып, екінші полицеймен бірге кісенделген мені билей жүріп әжетханаға апарды. Ол жерде мені ұрып-соғу басталды. Мұның бәрі бейнежазбада да тіркелген», – деді Александр Адам құқықтары бюросының баспасөз орталығында.
Әжетханада басталған соққы бірнеше сағатқа жалғасқан. Зуев екі рет есінен танып, үстіне су құйып ұрып-соғуды қайта жалғастырғанын айтады. Қызметкерлер оның аяғына секіріп, сүйектері сынғандай дыбыс естілген. Қолы кісеннен көгеріп кеткен соң ғана босатқан. Кейін оны босатып жіберген.
Үйінде ауырсынуға шыдамаған ол «жедел жәрдем» шақырып, ауруханаға түсті. Бастапқы медициналық тексерістерде сүйегі сынбаған дегенмен, жеке клиника сүйегінің сынғанын, сіңірдің зақымын анықтады.
Әділдік іздеген Зуев алғашында тергеушілерден хабар күтті. Уақыт өте келе ол Ішкі қауіпсіздік басқармасына, кейін прокуратураға жүгінді. Бірақ қолдау орнына арызын қайтарып алуға көндіру әрекеттеріне тап болды. Ақыры қылмыстық іс азаптау бабы бойынша қозғалды.
Алайда тергеу барысында бейнематериалдар қысқартылып, кей жауаптар қазақшаға бұрмаланып аударылды. Зуевтің айтуынша, дәл осылай істі жауып тастауға әрекет жасалған.

Ұзақ уақытқа созылған тартысты тергеулерден кейін іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған халықаралық сотына жетті.
2025 жылдың қыркүйегінде сот соңғы шешімін шығарды
«Қасымжомарт Мұсырманқұлов ҚК 146 бабының 2 бөлімінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде өтелсін», - деп үкімді оқып шықты судья Бакирбаев.
Айыпталушы сот залынан қамауға алынды.
«Бұдан көп жаза берілуі екіталай еді, енді қарсы тарап апелляция түсіруі мүмкін. Бірақ мұндай мерзім шынымен де аз, осындай қылмыстарға сәйкесінше жаза тағайындалуы керек»– деді Зуевтың заңгері.
Айта кетейік,17 қыркүйек күні Алматы облысы Жамбыл ауданының Отар горнизонында 19 жастағы жас сарбаз өз-өзіне қол салды. Мүрдесін көруге ата-анасы Алматы қаласына келді. Orda.kz тілшісі марқұмның ата-анасымен сөйлесіп, жағдайға қатысты пікірлерін білді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық