Алматыда 3 мың адам несиесін кешіру жөнінде өтініш түсірді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне несие рақымшылығын талап етіп келген азаматтар. Фото: Orda
Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ғимаратына жиналып, өтеуі қиындаған несие алушылардан екі күнде 3 мың өтініш келіп түскен. Өтініштерде несие алған мерзімі, қаржы ұйымы және несие сомасы туралы мәлімет көрсетілген. Ресми ақпаратқа қарағанда, екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарына жолданады.
Агенттік баспасөз қызметі маманы Зарина Жақыпова редакция тілшісіне бірер күнде несиесін төлеуде қиналып жүрген 3 мыңға тарта адам өтініш түсіргенін хабарлады.
Сонымен қоса, баспасөз хатшысы Гүлмира Арбабаеваның Vlast интернет-басылымына берген пікірінше, барлық өтініштер «қаржы нарығының субъектілеріне қарауға жолданады». Проблемалы несиенің жай-жапсары, байланыс деректері көрсетілген өтініштен әзірге нәтиже болар-болмасы белгісіз.
Арбабаева «несие рақымшылығы» туралы хабардың жалған екенін айтты. Оның сөзінше, Жанболат Мамай мемлекет несиені кешіріп жатыр деген соң адамдар көптеп келе бастаған. «Олар әуелі қарыз алған банкіне баруы керек» дейді өкіл.
Бүгін күндіз жүздеген азамат Алматыдағы агенттік алдына жиналып, шатыр тігіп, несие амнистиясын талап еткен. Тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамай Facebook желісінде ипотекалық несиесі кешірілді делінген әйелмен сұхбатынан кейін рақымшылық туралы хабар көптеп тарай бастаған. Оқиға орнын полияция бақылауға алды. Арнайы үлгіде бланкі толтырып, еш мөр я тіркеусіз өтінішін өткізді. Алғашында 50 шақты адамның өтінішін мөрлеп қабылдаған агенттік жиналғандарды бірер сағат күттіріп қойды. Тек сағат 12.30-дан аса көпшіліктің жүздеген қағазын мөрсіз жаппай жинап алды.
Бейсенбіде агенттік Мамайды «жеке саяси мақсаты үшін» жалған мәлімет таратты деп айыптау мәнінде мәлімдеме жасады. Саясаткер бұған жауап ретінде ведомство басшылығымен бірнеше рет кездескенін айтады. Нәтижесінде кейбір несие алушының графигі жеңілдетіліп, кейбірінің есеп шотына қойылған бұғаты алынып тасталған. Мамай мұны биліктің халық мәселесін шешуге ықлассыздығының көрінісі деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық