Несиелік амнистия жариялана ма?: Қаржы агенттігі жауап берді
Қазақстанда халыққа несиелік амнистия жарияланды деген хабарды естіген жұрт банк бөлімшелерінің есігін қағып жатыр. WhatsApp мессенджері мен өзге де әлеуметтік желілер де ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша несиелік рақымшылық туралы аудио хабарлама және белсенді Жанболат Мамайдың видеосы тарап жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы жағдайда қатысты жауап берді.

«Қазіргі уақытта Жанболат Мамай тарапынан әлеуметтік желілерде мен мессенджерлерде қарыздың барлық түрлері бойынша «кредиттік амнистия» жарияланыпты-мыс деген дәйексіз ақпарат таратылып жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ж. Мамайдың бұл мәлімдемелері дәйексіз екенін және өзінің жеке саяси мақсаттарын іске асыру мақсатында азаматтарды адастырып жатқанын мәлімдейді» делінген агенттік хабарламасында
Демокртиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай бірнеше күн бұрын агенттік алдына елу шақты адаммен жиналып, несиелік амнистия жариялауды сұраған болатын. Сонымен қатар, ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында осыған байланысты ақпараттармен бөлісуде.
Желіде тараған ақпарат
Жанболат Мамайдың 2021 жылдың 2 қарашасында түсірген бейнежазбасы.
Халықтың несиесі кешірілетіні туралы аудиохабарлама.
Агенттік қазіргі уақытта Қазақстанда 2004-2009 жылдар кезеңінде теңгемен ипотекалық қарыз, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін валюталық ипотекалық қарыз алған халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету үшін ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғасып жатқанын хабарлады.
Мұндай қарыз алушыларға қолдауды банктер олардың қаржылық және әлеуметтік жағдайын жан-жақты талдау негізінде жеке тәртіппен көрсетеді, нәтижесінде банктер қарыз алушыны қажетті қолдау туралы шешім қабылдайды.
Сондықтан несиелік рақымшылық жүргізу заңмен көзделмеген. Агенттік халықтың несие бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдауға құқылы емес.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Депутат кредиттік амнистия жариялауға ұсыныс жасады
Кеше 8 желтоқсан күні депутаттар ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа қаржылық қиындықтары бар қазақстандықтардың несиесін кешіру туралы ұсыныспен сауал жолдады.
«Ақжол» партиясының депутаты Азамат Әбілдаев қазіргі таңда 27 пайыз халық қарызға батқанын айтты.
«Банктер мен МҚҰ несие беріп, халыққа көмектесіп жатқандай көрінеді. Бірақ ақшаны қайтарар кезінде түсіністік танытпайды. Олар өз аттарын таза ұстап қалу мақсатында, халықтың соңғы тиынын тартып алу үшін коллекторларды жұмсайды. Бүгінгі күні банктер жанашырлық, мейірімділік сияқты құндылықтардан ада болған және олар қарақшылардан да жаман. Соңғы ақшаны ұры да алмайды дейді ғой, ал банктер керісінше әлеуметтік көмек пен зейнетақыға да қол сұғады. Мұндай жағдай адамды соңғы қадам жасауға – суицидке баруға итермелейді» деді депутат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық