Алматы облысында жоғары сынып оқушысы өзінен кіші балаларды ұрып-соқты
Фото: Бейнеден кадр
Әлеуметтік желіде жоғары сынып оқушысының өзінен кіші сыныптың оқушыларын ұрып жатқаны көрінетін бейнежазба тарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жағдай Іле ауданы Қараой ауылындағы №49 мектепте болғаны белгілі болды. Жоғары сынып оқушысы өзінен кіші балаларды ұрып-соғып, балағаттаған. Кейбір дереккөздерде әлімжеттік көрсеткен баланың 9-сыныпта оқитыны жазылған.
Полиция мен мектеп басшылығы бұл жағдайға қатысты әлі түсініктеме бермеді.
Бейне тарағаннан кейін тексеру барысында оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде болғаны анықталды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мән-жайды зерделеу үшін комиссия құрылғанын хабарлады.
«Оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, ата - аналармен түсіндіру жұмыстарын өткізу, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды анықтау және ондайды болдырмау үшін тиісті шаралар қабылданады», - деді ол.
Білім басқармасы да жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта мән-жайларды объективті және жан-жақты қарау мақсатында комиссия құрылды. Тексеру іс-шаралары заңнама нормаларын сақтай отырып жүргізіледі. Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға қатысушыларды да, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кемшіліктерге жол берген лауазымды тұлғаларды да жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралатын болады», - деп хабарлады олар.
Еске салайық, Семейде бір топ жасөспірім 6-сынып оқушысын соққыға жыққан еді. Сол себепті әлімжеттік көрсеткен балалар арнайы мектептерде оқитын болды. Осы жағдайдан кейін мектеп директоры жұмыстан босады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық