Алматы облысында ұн зауытындағы жарылыстан зардап шеккендердің бәрі қайтыс болды
Фото: Бейнеден кадр
Алматы облысындағы зауытта болған жарылыс кезінде зардап шеккендердің бәрі қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жарылыс Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылында орналасқан ұн өнімдерін өндіретін зауыт аумағында болған. Өрт салдарынан 4 адам жарақат алған еді. Олар ауруханаға жеткізіліп, екеуі көз жұмды. Ал екі адам ауыр жағдайда, жансақтау бөлімінде жатқан болатын. Бұған дейін олардың денелерінің 80-90 пайызын күйік шалғаны айтылды. Қаралы хабарды «АзияАгрофуд» АҚ басқармасының баспасөз қызметі жеткізді.
«2025 жылғы 23 мамырда «АзияАгрофуд» ұн зауыты аумағында болған қайғылы оқиға салдарынан біздің әріптестеріміз қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз. Бұл қайғылы жағдай біздің бүкіл компаниямызға ауыр соққы болды», деп хабарлады «АзияАгрофуд».
Компания басшылығы қаза тапқандардың туыстарына, жақындары мен достарына көңіл айтты.
«Бұл қиын кезеңде қаза тапқандардың отбасыларын қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Заңда және қолданыстағы корпоративтік бағдарламаларда көзделген сақтандыру төлемдерінен басқа, компания қаза тапқандардың отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсетеді. Біз жерлеуге байланысты барлық шығындарды өз мойнымызға аламыз», деп мәлімдеді компания.
Компания қаза тапқандардың туыстарымен үнемі байланыста болатынын және барлық жағдайда көмек көрсетуге дайын екендігін атап өтті.
Қазіргі уақытта жарылыс себептері мұқият тексеріліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін астық қалдықтарының шаң-тозаңы жарылысқа себеп болғаны айтылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық