Алматы облысында өзіне қол жұмсаған баланың інісі орталыққа орналастырылды
Фото: Orda.kz
Алматы облысының Саймасай кентінде алтыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсағаннан кейін марқұмның інісі арнайы орталыққа орналастырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысының білім басқармасы баланы балаларды қолдау орталығына орналастырды. Ал отбасындағы үлкен ұл колледжде оқуын жалғастырып жатыр, оған жатақханадан орын берілді.
Бұл жағдай бойынша аудандық білім бөлімі мен білім басқармасының мобильдік тобы жағдайды толық зерттегенін хабарлады.
«Мектеп психологының диагностикалық жұмысының нәтижелері бойынша сынып жетекшісіне тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, оқушының анасымен баланың эмоционалды жағдайын тұрақтандыру үшін баламен жеке жұмыс жүргізу қажеттілігі туралы әңгіме болды. Алайда, анасы психологиялық көмектен жазбаша түрде бас тартты», деп хабарлады басқарма.
Сонымен қатар, полиция департаменті алтыншы сынып оқушысының қайтыс болу фактісі бойынша жедел-тергеу іс-қимылдарын жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Саймасай ауылында 12 жастағы бала есік алдында тапа-тал түсте жіпке асылып қалды. Марқұм бала 27 қазанда үйінің есігінің алдында күнделікті ойнап жүрген әткеншегінің жібіне асылған күйде табылды. Туыстарының айтуынша, дәл сол сәтте үйде үлкендерден ешкім болмапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық