Алматы облысында қар көшкіні жүрді
Фото: Алматы облысының ТЖД
Бүгін, 23 наурызда, таңғы сағат 8: 28-де Еңбекшіқазақ ауданында қар көшкіні жүріп, жолдың бір бөлігін жартылай жауып қалды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтей отырып, Orda.kz хабарлайды.
Облыстық маңызы бар «Түрген ауылы - Батан шатқалы» автожолының 23,5 және 18 шақырымында қардың еруі мен тау бөктеріндегі қыстан бері жиналып қалған қардың өздігінен жылжуынан қар көшкіні болды.
«Автомобиль жолы облыстық маңызға ие, оны жергілікті атқарушы органдар тазартады. Оқиға салдарынан зардап шеккен адам немес қираған ештеңе жоқ. Қар көшкіні «Түрген ауылы - Батан шатқалы» автожолының жүріс бөлігін ішінара жауып тастады, алайда автокөлікке арналған жол ашық», деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
ТЖД азаматтардың қауіпсіздігін және жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының» хатына сәйкес, 2024 жылдың 15 қарашасы мен 2025 жылдың 31 наурызы аралығында облыстық маңызы бар «Түрген - Батан - Асы обсерваториясы» автожолының 15-41 шақырым учаскесі қозғалыс үшін жабық екенін ескертті.
Еске салайық, бұрын Шымбұлаққа жақын жерде қар көшкіні болды. Көшкен қардың астында 34 жастағы Ресей шаңғышысы қаза тапты. Кейінірек белгілі болғандай, үш шаңғышы курорттан тыс, тау басындағы қауіпті аймақта сырғанап, қар көшкіні жүруіне себеп болған.
Қар көшкіні кезінде мерт болған әйел тау шаңғысынан кәсіби спортшы екені белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық