Алматы облысында әйелін 13 жыл бойы азаптап, ішкі ағзаларын езіп жіберген ер адам сотталды
Коллаж: Orda.kz
Алматы облысында 13 жыл бойы отбасылық зорлықтың құрбаны болған Қамар Алпамысқа жасалған қылмыс үшін оның бұрынғы күйеуі сотталды. Жәбір көрген әйел соққы салдарынан ішкі ағзаларынан айырылып, мүгедек болып қалған, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол заңгер Инга Иманбайдың көмегімен Қарасай аудандық полиция басқармасына арыз түсіріп, «денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қамардың айтуынша, тергеу барысында сегіз ай ішінде төрт тергеуші ауысып, іс баяу жүрді.
Сот ер адамды қамауға алып, бір жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот Қамар Алпысқа моральдық зиянды өтеу және материалдық шығынды азаматтық талап қою арқылы өндіру құқығын бекітті. Үйдің жартысы Қамарға қайтарылды.
«Қамардың оқиғасы – отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдің әділет жолындағы күресінің шынайы нәтижесі. 13 жыл бойы күйеуінен зәбір көрген Қамар маған жүгінген кезде қылмыстық іс тоқтап тұрған. Менің араласуымнан кейін тергеу қайта жанданды, күдікті деп танылған күйеуі сотқа тартылды. Бір жылдан астам уақыт үш баласымен пәтер жалдап келген Қамар енді өз үйіне оралады. Бұл – зорлық-зомбылық құрбандары үшін үлкен жеңіс», – деді заңгер Инга Иманбай.
Еске салсақ, Алматы облысында 34 жастағы Қамар Алпамыс 13 жыл бойы күйеуінен көрген зорлық-зомбылық туралы айтып берді. Күйеуінің соққысынан ол ішкі ағзаларынан, тістерінен айырылған, денсаулығына ауыр зиян келтірілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық