Алматы облысында 17 жастағы қыз өлі табылды: Ол соңғы хат қалдырған
Ясминаның отбасы берген фото
Алматы облысы Іле ауданындағы Көкқайнар ауылында 17 жастағы Ясмина есімді 11-сынып оқушысы қайтыс болған. Анасы тілшімізге оқиға болған күн туралы баяндап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның сөзінше, отбасы мүшелері оқиғадан кейін бұл үйге кірмейтін болған.
Ясмина 10-сыныпта осы мектептегі мұғалімінің ұлымен араласа бастаған. Отбасының мәлімдеуінше, осы қарым-қатынасқа байланысты қызға қысым жасалған.
Олардың айтуынша, 23 сәуірде Ясмина мектепке шақырылып, одан ол баламен араласуды өз еркімен тоқтататыны туралы қолхат жазуды талап еткен. Қыздың туыстарының сөзінше, Ясмина қорқып, талап етілген мәтінді жазған.
Сағат шамамен 15:00-де ол үйіне қайтқан. Үйде ешкім болмаған. Сол күні қайғылы жағдай болған.
Қыздың анасы жүргізетін парақшада Ясминаның соңғы сөздері де жарияланған:
«Мама, папа, мен сендерді жақсы көремін. Менің басқа жолым болмады».
Отбасы қыз қайтыс болғаннан кейін бірден құқық қорғау органдарына арыз бергенін айтады. Сондай-ақ олар Білім министрлігі мен прокуратураға жүгінген. Алайда туыстарының сөзінше, арада төрт айға жуық уақыт өтсе де, істің нәтижесі туралы нақты жауап алмаған.
Ал мектеп әкімшілігі кәмелетке толмаған қыздың өліміне қатысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатқанын растады.
Бұл істегі отбасы айтқан қысым фактілері әзірге ресми түрде дәлелденген жоқ. Олардың шындыққа сәйкестігін тергеу нәтижесі анықтауы тиіс.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық