Алматы облыстық ҰҚКД экс-басшысы қаңтар оқиғасы бойынша 6 жылға сотталды
Алматы облыстық ҰҚК департаментінің бұрынғы басшысына қаңтар оқиғасында жұмыс орнын тастап кеткені үшін алты жылға бас бостандығына айыру жазасы тағайындалды.
Талдықорған қалалық сотында лауазымды адамның өз құқықтары мен өкілеттіктерінен тыс және ауыр зардаптарға әкеліп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану дерегі бойынша К-ге қатысты іс қаралды.
«Сот барысында анықталғандай, К. Алматы облысы ҰҚКД бастығы бола тұра, өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, 2022 жылғы 5 қаңтарда орын алған оқиғалар кезінде өзінің лауазымдық міндеттерін ескермей, жеке құрамға департамент ғимаратын қорғау жөнінде шаралар қолданбауға; әкімшілік ғимараттан кетуге; қызметтік және құпия құжаттаманы жоюға және тұрғылықты жерлеріне тарауға заңсыз бұйрық берген. Нәтижесі ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеліп соқтырды («құпия» деген белгіге байланысты басқа мән-жайларды жария ету мүмкін емес)» деп жазылған Талдықорған қалалық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сот үкімімен К. 362-баптың 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып отыр. Оны 10 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны да нақтыланған.
Президентке К.-ге қатысты Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік наградалар мен ордендерден айыру туралы ұсыныс енгізілді. Алайда сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі жаңарды
- Президент едегі жарылысқа байланысты Катар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапары барысында отандастармен кездесті
- Әл-Фарабидегі апат: Сот Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды
- Bloomberg — Ормуз бұғазы арқылы өтетін Иран мұнайы экспорты ең жоғары деңгейге жетті
- Ақтөбе облысында 102 адам мейрамханадағы астан уланып, ауруханаға түсті
- Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
- Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер қызметінен кететінін мәлімдеді
- Пак сотта соңғы сөзін айтты: «Саяси ықпалды тұлғаға қатысым жоқ»
- «Ақша үшін емес»: Томиристің анасы Пакты не үшін кешіргенін айтса, әкесі 100 млн теңге талап етті
- Кедендік рәсімдерді жеделдету үшін заңсыз делдалдық қызмет көрсететіндер ұсталды
- 368 млн теңгенің плиткасы: Павлодарда скверді жөндеу сметасынан күмәнді шығын шықты
- ІІМ дрон операторларын оқытып, әуеден әрекет етуге дайындайды
- Әл-Фарабидегі апат: Прокурор Пакқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Ақмола облысында 221 млн теңге табысқа кенелген заңсыз вейп саудасы тоқтатылды
- Нұрлан Өнербаевтың анасы дүниеден озды
- Қатарда зауытта жарылыс болып, 50-ден астам адам зардап шегіп,18 жұмысшы жоғалып кеткен
- Екі күнде 19 медаль: Еліміздің спортшылары халықаралық аренада шеберлігін дәлелдеді
- АҚШ пен Иран мәмілесі: 60 күн ішінде келісімге келу жоспары бекітілді
- Астана маңындағы жол апатынан екі жол талғамайтын көлік өртеніп, бес адам қаза тапты