Алматы қаласында бір топ ер адам 18 жастағы жігітті аяусыз соққыға жықты
Фото: бейнекадрдан үзінді
Алматы қаласындағы Төле Би көшесінің бойында орналасқан «ШашлыкOFF» кафесінде бір топ ер адам 18 жастағы жігітті аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға қазан айының 11-не қараған түні болды. Анасының айтуынша, оның баласын 35–40 жастағы 15–20 мас ер адам соққыға жыққан. Алғашқы соққыдан кейін ол есінен танып қалған. Оның мұрнын сындырған, ернін жырған, басынан ұрған.
Ал қазір полиция тек 3 күдіктіні ғана ұстаған.
«18 жастағы жігітті 35-40 жасқа толған атпалдай еркектер жабылып ұрып, құлатты. «Есімді жисам, басымнан кезек-кезек тепкілеп жатыр» дейді. Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі менің естуімше 3 адамды ғана ұстаған. Оларды тек жеңіл бап бойынша ұстап отыр. Ал басты күдікті машинаға отырып, оқиға орнынан ізін суытқан. Бұлай қалып кетпей, әркім өзіне тиісті жазасын алса екен», – деді қайғыдан қан жұтқан анасы.
Алмалы аудандық полиция басқармасы қасақана денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық адамдар анықталып, ұсталды. Қазір олардың әрқайсысының кінә дәрежесін және оқиғаның шынайы жай-жапсарын анықтауға бағытталған тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр. Әр қатысушының әрекетіне қағидатты құқықтық баға беріледі. Істің тергелу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», — деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Маңғыстаудағы әскерде уланып қаза тапқан сарбаздың туыстары мәлімдеме жасады. Еркебұлан Сағындықов Маңғыстау облысында мерзімді әскери борышын өтеп жүріп қаза тапқан еді. Туыстары құзырлы мекемелердің берген жауаптарына сенбей, марқұмның қазасын қатардағы жауынгерлерден көріп отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық