Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке цифрлық ваучер деген не?
Фото: gov.kz
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) жеңілдетілген бағамен сатып алуға арналған цифрлық ваучер жайлы түсініктеме берді. Бұл ваучерлер атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларға арналған, деп хабарлайды Orda.kz.
Жоба туралы не белгілі:
«Қазақстанда АӘК алушылардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті жеңілдікпен сатып алуына мүмкіндік беретін цифрлық азық-түлік ваучерлері бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Жобаның негізгі қағидаты — қолданыстағы бағаны тұрақтандыру тетігіне, яғни «айналым схемасына» негізделген. Бұл схема аясында сауда нысандарына айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген қайтарымды қарыздар беріледі. Ал бұл қарызға жауап ретінде дүкендер АӘК алушыларға ӘМАТ-ты нарықтық бағадан 15%-ға дейін төмен бағамен сатуға міндеттеледі» деп жазылған министрлік хабарламасында.
Пилоттық жоба Ақмола облысының Ақкөл қаласында басталады. Кейін ол Көкшетау мен Павлодар қалаларында жалғасады.
Цифрлық ваучер қалай жұмыс істейді:
Ваучер eGov Mobile мобильді қосымшасына ендірілген «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы беріледі.
АӘК алушы ваучерді қосып, дүкендегі кассада QR-кодты көрсетсе жеткілікті — жеңілдік автоматты түрде қолданылады.
Ваучердің мөлшері әр адамға жеке есептеледі: әр отбасы мүшесіне бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде (2025 жылғы жағдай бойынша 3 932 теңге).
Мысалы, 4 адамнан тұратын отбасы шамамен 16 000 теңге сомасында ваучер алады. Бұл қаражатқа алынған ӘМАТ 15%-ға дейін төмен бағамен сатылады.
Жоба тұрақтандыру қорынан қаржыландырылады:
35% — кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиелеуге;
65% — отандық өндірушілер мен фермерлерден өнімдерді форвардтық сатып алуға бағытталады.
Бұл жүйе дүкендерді тұрақты түрде ӘМАТ-пен қамтамасыз етеді, Отандық өнім өндірушілерді қолдайды.
Әлеуметтік әлсіз топтарға әділетті, ашық және тиімді көмек көрсету тетігін жасайды.
Министрліктің мәлімдеуінше, пилоттық кезең аяқталғаннан кейін жоба елдің басқа өңірлеріне кеңейтіліп, 245 мыңнан астам АӘК алушыны қамту жоспарлануда.
Қазақстанда «жұмыссыздық бойынша жәрдемақы» деген ұғым жоқ, бірақ әлеуметтік төлемдер бар. Адам ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықов былтыр осы екі ұғымның айрмашылығын түсіндірген болатын.
2023 жылғы 3 наурызда Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң күшіне енді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық