Қазақстандықтар банкроттық туралы 34 мың өтініш берді
3 наурызда Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң күшіне енді.
Осы уақыт ішінде 34 мың адам банкроттық туралы арызданған. Өтініштердің басым бөлігі Түркістан облысында – 5400, одан кейін Алматы облысы – төрт мыңға жуық өтініш. Үшінші орында 2900 өтінішпен Алматы қаласы тұр.
— Бүгінгі таңда 10 382 өтінішті тексеру аяқталды (бұл барлық түскен өтініштердің 30%-ы), нәтижесінде 2670 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қозғалды, бұл барлық өтініш бергендердің 26%-ын құрайды. Оның 375-і мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы, 985-і бес жылдан астам көмекақы төленбеген азаматтар, - деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
7340 өтініш бойынша азаматтар қабылдамау туралы хабарлама алды.
Бас тартудың негізгі себептері:
1. Несиелік бюролардың мәліметі бойынша 6 713 адам 12 ай ішінде қарызын ішінара өтеген немесе қарыз сомасы 1 600 АЕК шегінен асып кеткен;
2. 6 айдың ішінде 1846 адам АӘК алушы екенін ЖӘСҚА растамады;
3. 1463 адам жұбайының болуы фактісін көрсетпеген және сәйкесінше рәсімді қолдануға келісімін алмаған;
4. Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, 1349 адамның жылжымайтын мүлкі бар;
5. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша 941 азаматтың жер телімі бар;
6. 789 азаматқа автокөлік құралдары тіркелген (Ішкі істер министрлігінің мәліметтері).
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күні ішінде азаматтың келесі шарттарға сәйкестігін тексереді:
• банктерге, микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктерге берешек 5,5 миллион теңгеден (1600 АЕК) аспауы керек;
• қарыздарды төлеу мерзімі 12 айдан аспауы керек;
• мүліктің, оның ішінде неке кезінде бірлесіп алған мүлкінің (автокөлік, пәтер, үй, жер учаскесі, банктегі депозит және т.б.) болмауы;
• банктермен және МҚҰ-мен қарыздар бойынша есеп айырысу рәсімі жүргізілді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, сондай-ақ қарызы 5 жылдан астам өтелмеген азаматтарға бөлек тексеру жүргізіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық