Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік жанжалдасып қалды
Қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік Нью-Делиде (Үндістан) шахматтан Гран-при турниріндегі жағдайға байланысты әлеуметтік желіде көпшілік алдында жанжалдасып қалды.
Жанжал неден басталды
Блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Instagram желісінде халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлікті өзімшілдік танытты, кәсіпқойлық беделге нұқсан келтірді деп қатаң айыптаған жазбасын жариялады.
«Шахмат, әрине, жеке спорт түрі. Бірақ жеке адам болу мен жеке көзқараста болу екі бөлек нәрсе. Сіз олардан сыпайылық үшін болса да кешірім сұрауын күтпеңіз. Ал мұндай адамдар жай ғана ашықтан-ашық жалған айтса, қандай әдептілік туралы айтуға болады» деп жазды спортшы.
Бибісара Асаубаеваның айтуынша, Жансая Әбдімәлік «ең алдымен шахматшы екенін ескеруі керек еді».
«Жансаядан басқа он бір шахматшы, соның ішінде мен де кеше Делиде болдық. Ол жерде біз үшін маңызды Гран-при турнирі өтеді. Жансая кенеттен турнирді тастап кетуге бел буғанға дейін бәрі жақсы еді. Жансая ұйымдастырушылардың оны дұрыс күтіп алмағанына ренжіген. Ол бір сағат бұрын әріптесіне телефон арқылы кері ұшып бара жатқанын және әуежайда екенін хабарлаған. Бірақ одан кейін қонақ үйде жайбарақат күлімсіреп жүрді. Ал біз болсақ шұғыл жиналыс ашып, әрі қарай не істеуге болатынын қарастырып жатқанбыз» деп қосты ол.
Бибісара турнир ұйымдастырушыларына шынымен де сұрақтар бар екенін жасырмады.
«Ол спортшыға тән емес емес мінез-құлық көрсетті. Дегенмен басты сұрақ Жансаяға арналады. Оның орынсыз эмоцияларына. Әріптестеріне, жалпы өмірге деген көзқарасына. Атап айтқанда, кәсіпқойлыққа. Спортшылар кез келген форс-мажорлық жағдайлар мен сынақтарға дайын болуы керек. Егер бірдеңе болып қалса, құлама, берілме. Егер Жансая сияқты әрбір ұсақ-түйекке жауап қайтарсаңыз, спортты тастап, тұрмысқа шығып, көже пісіріп, үйде отырғаныңыз дұрыс» деп түйіндеді шахматшы.
Жансая Әбдімәлік те көп күттірмей жауап берді
Жансая Әбдімәліктің айтуынша, ол Бибісара Асаубаеваның өзіне қарсы «қайта-қайта тізе батырғанына» мән бермеуге тырысқанымен, «тойтарыс беретін» кез жетті деп есептейді.
«Асаубаева өз жазбасында қолданған суреттің қазіргі жағдайға сәйкес келмейтінін және шахмат жанкүйерлеріне дұрыс ақпарат бермей отырғанын айта кетейін, бұл сурет 2021 жылы әлем чемпионатында түсірілген. Үндістандағы Гран-придегі жағдай туралы: Мен және менің әріптестерім (соның ішінде Ассаубаеваның өзі) ұйымдастырушылар тарапынан жасалған жағдайға (жұмсартып айтқанда) ренжідік және көңіліміз толмады. Кездесуден кейін біз Президент пен ФИДЕ басшылығына ұжымдық хат жазуды жөн көрдік» деп жазды ол.
Хатта қазақстандық спортшылар өздерінің наразылықтарын білдіріп, турнирді басқа уақытқа ауыстыруды немесе өткізуді ұсынды, деп қосты Жансая.
«Хатқа Гран-при қатысушыларының барлығы дерлік қол қойған (оның ішінде Асаубаева да бар). Хат карусельде. Ұйымдастырушылар турнирдің басталуын белгісіз уақытқа кейінге шегеруге мәжбүр болды. Мен ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович пен атқарушы директор Эмиль Сутовскийге бұндай жағдайда ойын көрсете алмайтыным туралы шешімімді жеке өзім хабарладым. Карусельге Аркадий Владимировичтің жауабын қосамын.
Бибісара Асаубаеваның осынау жалған өтірігі мен екіжүзділігіне қарамастан, мен бұл шешімге өкінбеймін және шахматшылардың қауіпсіз және лайықты жағдайда ойнауға тиіс екеніне сенімдімін» деп жазды ол.
Сөз соңында Жансая Әбдімәлік өз елін әрқашан мақтанышпен және абыроймен танытатынын баса айтты.
«Мен Үндістандағы Олимпиаданы әлі күнге дейін жылы лебізбен еске аламын, бірақ Делиде ұсынылған шарттар шынымен де қолайсыз. Мен әріптестерімнен хат-хабарларды жариялағаным үшін кешірім сұраймын, бірақ өзімнің жақсы атымды қорғау үшін осылай істеуім керек болды.
«P.S. Мен міндетті түрде күйеуге шығамын және жолдасыма қуана көже пісіріп беремін. Мен отбасылық өмір мен кәсіби мансабын сәтті үйлестіретін көптеген тамаша шахматшыларды білемін және шын жүректен солардың жолын таңдаймын» деп түйіндеді шахматшы.
Жаңалықтар
- Си Цзиньпиннің шақыруымен Владимир Путин 19–20 мамыр күндері Қытайға ресми сапармен барады
- Қазақстанда Түріктің барлау жүргізіп, соққы жасайтын «ANKA» дрондары жасалады
- Трамптың Қытайға сапары «мұзды жібіту» әрекеті деп бағаланды
- Израиль мен Ливан өзара бітімді 45 күнге ұзартты
- Кәмелетке толмаған төрт жасөспірім терроризм туралы жалған хабарлама үшін ұсталды
- АҚШ Иранның қақтығысты реттеу жөніндегі 14 тармақты жоспарын қабылдамады
- «Өтелмеген парыз»: Қазақстанның Ауғанстанға көрсеткен гуманитарлық көмегі туралы фильм жұртты толқытты
- Тоқаев: Жасанды интеллект пен цифрландыру үдерісі түркі әлемінің дамуына жол ашады
- Бекіре-2026: Жайық–Каспий аумағынан 7 тоннадан астам балық заңсыз ауланған
- «Әке, байқашы…»: Алматы-Жаркент тас жолында 13 жастағы баланы мерт қылған жүргізуші бостандықта жүр
- Темір құрамын қолдан көтерген 190 миллиондық схема ашылды
- Ұшақтан 14 рет құлаған: Қазақтан шыққан алғашқы ұшқыш әйел Хиуаз Доспанова туралы не білеміз?
- Президент Түркістанда БҰҰ өкілін қабылдап, Өзбекстан сыйға тартқан жаңа мешітті аралады
- Қазақстандық банк жүйелерін балағаттаған ресейлік қамауға алынды
- Forbes жариялаған Қазақстандағы 44 жасқа дейінгі ең бай сегіз бизнесмен кім?
- Халық Кеңесі құрамына кімдер кіре алады?
- Халықаралық отбасы күні: Қазақстандағы некелесу көрсеткіші қалай өзгерді?
- 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Қытай кемелерінің өтуіне рұқсат берді
- Түркістан саммиті: Түркі әлемінің цифрлық болашағына бағытталған стратегиялық қадам