«Алдын-ала жоспарлаған»: Cерік Шәріптің анасы Әлияны кінәлады
Фото: gulnarmur
Серік Шәріптің анасы Гүлнәр Мұратқызы өзінің Instagram парақшасында ұлының қамалғанына Әлия Бөтееваны кінәлады, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның сөзінше, зардап шектім деген Әлия Бөтеева бәрін ұлына қарсы қасқана жасаған.
«Ол өзінің арам ойын алдын-ала жоспарлаған. Менің ұлым арадағы қарым-қатынасты баяғыда тоқтатқанымен, ол қыз баламды жайына қалдырмай, аңдып жүрді. Салдарынан 8 ақпан күні ол өз жоспарын жүзеге асырды. Қандай мақсатпен және қалай ұйықтап жатқан ұлымның пәтеріне кіріп жүр? Сол күні ол арам ойын жүзеге асырды және сол жерде тұрмаса да, лифттен бейнежазбаны заңсыз алды» деп жазды Гүлнәр Мұратқызы өзінің Instagram парақшасында.
Гүлнәр Мұратқызы Әлияның 8 ақпан күні оқиға бола сала полицияға арыз жазбай, сараптамадан өтпей, тек 4 сәуір күні барып оған арыз жазғанына наразы болды.
«Егер шынымен шапалақпен ұрса, неге ол сол күні полиция шақырмады, сараптамадан өтпеді, өтініш бермеді? Неліктен ол 2 айдан кейін барып қана арыз жазды? Неліктен полиция менің ұлымды видео түсіруге мәжбүрледі?», — деді анасы.
Гүлнәр Мұратқызының айтуынша, екі жыл бойы Бөтеева оның ұлын пайдаланып, оның ақшасына өмір сүріп келген.
«Екі жыл бойы ол менің ұлымды пайдаланып келді. Оның тұрақты жұмысы жоқ, бірақ қай ақшасына шетел асып, әдемі киініп жүр? Ол ылғи да атақты болғысы келетінін айтатын және өз дегеніне жетті. Атағы шығып, көп оқырман жинады. Өтірік пен жала жабу арқылы ұлымды жаман атты қылды. Бәрі ұмытылады, бірақ құдай ұмытпайды және ол жазасыз қалмайды. Біреуге ор қазба, өзің түсесің деген сөз бар», — деп сөзін аяқтады Гүлнәр Мұратқызы.
Еске сала кетсек, танымал әртіс Шәріп Серік бұрынғы қызын ұрғаны үшін 5 күнге қамалды. Ал актермен келісімшартқа отырған компаниялар шарттарын түгел бұзды.
Шәріп Серік – Қазақстандағы танымал киноларға түсіп жүрген актер. Мысалы, «Біздің жігіттер» («Районы» ), «Наурыз», «Шекер» т.б. фильмдерге түскен.
Сондай-ақ, бұған дейін Жетісу облысында жасөспірім 86 жастағы қарияны ұрып-соғып, жасөспірім профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық