«Алатау» жеңілдетілген бағдарламасы: Елімізде тағы бір 5 пайыздық ипотека іске қосылды
Фото: Orda.kz
Алматы облысында бес пайыздық жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Оған жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары қатыса алады, деп хабарлайды Orda.kz.
Несиенің қандай шарттармен берілетіні туралы толығырақ тоқталайық. Елімізде өңірлерге арналған бірқатар жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар жұмыс істейді. Мәселен, бұған дейін 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін қала жастарына арналған «Алматы жастары» бағдарламасы болды.
Енді Алматы облысында «Алатау» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Жастарға арналған бағдарламалардан ерекшелігі оған 18 бен 60 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.
Биыл бағдарлама аясында 120-дан астам несие беру үшін 3,2 миллиард теңге бөлінді.
«Алатау» ипотекасының негізгі шарттары: жылдық мөлшерлеме бес пайыз, бастапқы жарна – 10 пайыз, несие сомасы 30 миллион теңгеге дейін. Бастысы пәтерді тек жаңа салынған тұрғын үйден және тек Қонаев қаласынан сатып алуға болады. Бағдарламаға жеке баспанасы жоқ азаматтар қатыса алады.
«Алатау» жеңілдетілген бағдарламасы мына салаларда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарына арналған. Оған білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала, энергетика және коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік қызмет, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатыса алады. Бұл санат бағдарламаға 2026 жылы қосылды.
«Алатау» бағдарламасына қалай қатысу үшін өтініштер Қонаев қаласындағы «Шахнур» бизнес-орталығында қабылданады.
Құжаттар дүйсенбі-жұма – сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі – сағат 13:00-ге дейін қабылданады. Алдымен құжатты әкімдік тексереді. Одан кейін облыстық комиссия қарастырады. Қатысушылар арнайы балл жүйесі бойынша іріктеледі.
Ал балл келесі критерийлер бойынша беріледі: ресми некеде тұрғаны үшін – 2 балл,
кәмелетке толмаған балалары болғаны үшін – 2 балл, әр келесі балаға тағы 1 баллдан қосылады, еңбек өтілі кемінде екі жыл болғаны үшін – 2 балл, әр келесі жылға тағы 1 баллдан,
мемлекеттік қызметте немесе бюджеттік салада жұмыс істегені үшін – 5 балл, әлем чемпионы немесе Азия ойындарының чемпионы атағы үшін, оның ішінде паралимпиада спортшыларына 7 балл қосылады.
Байқауда жеңіске жеткендерге «Отбасы банкке» жолдама беріледі. Банкте олардың табысы мен несие тарихы тексеріледі. Егер табысы жеткіліксіз болса, екі кепілгерді тартуға мүмкіндік бар.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық