Алакөл қорығының басшылары жемқорлық үшін сотталды
Коллаж: Orda.kz
Жетісу облысында Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының басшылығы сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қорықтың директоры, оның орынбасары және бөлім басшысы жергілікті тұрғындардан заңсыз шөп шабуға көз жұму үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
«Мемлекеттік қызметшілерге 10,5-тен 15,7 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды. Сонымен қатар, оларға өмір бойына мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуге тыйым салынды. Пара берген жергілікті тұрғындар да айыппұл төлейді — ол 2,2-ден 6 миллион теңгеге дейін болды», — деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі.
Сот шешімі заңды күшіне енді. Егер айыппұлдар уақытында төленбесе, жазаның орнына түрмеге қамалу жазасы беріледі.
Еске сала кетсек, Orda.kz Шымкент қаласындағы миллиардтарды жымқырған «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғаны жайлы жазған болатын.
Orda.kz Жетісу облысы Ақсу ауданында 72,5 млн теңгенің газ құбырлары ұрланғаны жайлы жазды.
Бұған дейін Orda.kz Солтүстік Қазақстанға қазақ санын көбейту мақсатында үй салып, көшіретін «Еңбек» бағдарламасынан миллиардтаған ақшаның жымқырылғаны жайлы зерттеу мақаланы мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық