Алаяқтардың құрбаны қатарында жастар мен зейнеткерлер көбейді
Фото: Егемен Қазақстан
Биылғы және өткен жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігінің киберқылмыспен күрес департаменті интернет-алаяқтыққа қатысты талдау жүргізді. 2025 жылы зардап шеккендердің жасы айтарлықтай төмендеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Егер өткен жылы жәбірленушілердің арасында 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар саны екі мыңға жуық болса, биыл бұл көрсеткіш үш мың адамға дейін өскен. Сондай-ақ, 60 жастан асқан азаматтар да тәуекел тобына кіріп отыр. Осылайша, киберқылмыскерлер үшін ең осал топ — жастар мен зейнет жасындағы адамдар.
«Мұндай қылмыстарда жиі қолданылатын тәсілдердің бірі — «дроптар» деп аталатын азаматтарды пайдалану. Бұл дегеніміз, қарапайым тұрғындар әртүрлі себептермен өздерінің банк карталарын алаяқтарға беріп қояды. Сол карталар арқылы қылмыскерлер ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырады. Естеріңізге саламыз, 15 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске өзгерістер күшіне енеді. Енді өз банк картасын үшінші тұлғаларға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Ең жоғарғы жаза — жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру», — деді Ішкі істер министрлігінің киберқылмыспен күрес департаменті басқарма бастығының орынбасары Әсет Жүкенов
Қазақстандықтар ақшаны депозитке емес, банк карталарында сақтағаны үшін қаражат жоғалтады. Ал банктер, керісінше, осы арқылы пайда табады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық