Әл-Фарабидегі апат: Марқұмдардың туыстары Пакты кешіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінді
Фото: Orda.kz
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты іс қаралуын жалғастырды. 1 маусымдағы сот отырысында айыпталушы Александр Пак кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Айта кетейік, айыпталушы денсаулығына қатысты шағымдарына байланысты судьяның шешімімен сот процесіне онлайн қатысып жатыр. Бейнебайланыс арқылы жәбірленушілер де қосылды. Алайда сот залына айыпталушының адвокаттары мен қаза тапқан Еламанның адвокаты келді.
Сот отырысы барысында Еламанның туыстары Александр Пакты кешіргендерін және оған ешқандай талап-арыздары жоқ екенін мәлімдеді. Адвокаттың айтуынша, марқұмның әпкесі Ләззат жазбаша өтініш беріп, өзіне келтірілген моральдық шығын толық өтелгенін көрсеткен.
Сонымен қатар ол өтінішінде Александр Пакқа бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұраған. Өз кезегінде айыпталушы сотта кінәсін толық мойындады.
Осындай ұстанымды сотта қаза тапқан Құмардың анасы да айтты. Әйел Александр Пакты кешіргенін және қызының «жаны тыныштық тапқанын қалайтынын» жеткізді. Оның сөзінше, марқұмның отбасы айыпталушыға өкпе сақтамайды.
Ал үшінші қаза тапқан адамның анасы сот отырысына келмеді және бейнебайланысқа да қосылмады. Осыған байланысты сот істі қарауды 4 маусымға қалдыру туралы шешім қабылдады.
Еске салсақ, 28 мамырда іс бойынша алдын ала тыңдау өткен болатын. Сол кезде Александр Пак қаза тапқандардың отбасыларынан кешірім сұрап, «заң алдында жауап беруге дайын екенін» мәлімдеген еді. Сондай-ақ жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев 100 миллион теңге көлемінде азаматтық талап-арыз беретінін хабарлаған.
Қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болған. Тергеу нұсқасы бойынша, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапқан.
Оқи отырыңыз:
Шонжыдағы сұмдық: Жоғалған жігіттің мәйіті көміп тастаған жерінен табылды
Келісімшартқа қол қойылды: Михаил Шайдоровқа қатысты мәселе қалай шешілді?
Жаңалықтар
- «Әділет» партиясы Әділет министрлігінде ресми тіркелді
- Екібастұзда бір жасар сәби бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті
- Әл-Фарабидегі апат: Марқұмдардың туыстары Пакты кешіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінді
- Ресейден Қазақстанға 20 жыл бойы жасырынып жүрген күдікті жеткізілді
- 300 тоннадан аса жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетпекші болғандарға тосқауыл қойылды
- Келісімшартқа қол қойылды: Михаил Шайдоровқа қатысты мәселе қалай шешілді?
- Шонжыдағы сұмдық: Жоғалған жігіттің мәйіті көміп тастаған жерінен табылды
- Жасөспірімді ұрды деген шағымнан кейін Арман Шораевқа іздеу жарияланды
- Еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы Ақорданы аралады
- Тоқаев: Балаларды қорғау — конституциялық міндет
- Қазақстан мен Қырғызстан полицейлері Шымкенттегі есірткі трафигінің жолын кесті
- Кипр президенті Қазақстанға алғаш рет келеді
- Жетісу облысы тұрғындарының қарсылығынан кейін құны 30 миллиард теңгелік жоба іске аспады
- Астана мен Алматыдан кейін полицияға көмекші робот-иттер Ақтауда қолданылады
- Қазақстанда бейрезидент тұлғаларға банк шоттарын ашу тәртібі өзгереді
- Ақтауда 1248 студент академиялық жауапсыздық күдігіне ілініп, 14-і оқудан шығарылды
- Балаң балағат айтса — айыппұлыңды дайында
- Токиода Азия елдеріндегі қазақ диаспорасының съезі өтті
- ШҚО-дағы KAZ Minerals компаниясының Артемьев шахтасы опырылып, кенші қаза тапты
- Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жариялады