Ақтөбеде жұмыс уақытында демалыс орнында шомылған әкімдік қызметкерлері жазаланды
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысының Байғанин ауданында әкімдік қызметкерлері жұмыс уақытында суға түсіп, демалып жүргені үшін қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Байғанин аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Төлеген Молдабеков пен оның орынбасары Мұрат Ержанов 16 шілде күні жұмыс уақытында «Аққұм–Сағыз» демалыс орталығына барып, Сағыз өзенінде шомылған. Олармен бірге ауданға іссапармен келген тексеру комиссиясының мүшелері де болған.
Бұл жайт ауыл тұрғындарының бейнежазбасына түсіп қалған. Кейін видео әлеуметтік желіге тараған. Ауыл тұрғыны жазбаны Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолдап, Orda.kz редакциясына да жіберді.
Әдеп жөніндегі кеңесте шенеуніктердің әрекеті мемлекеттік қызмет әдебіне қайшы деп танылды. Кеңес төрағасы Айбек Шілманов оларға ескерту жасады:
«Неге жұмыс орнын тастап кетесіздер? Басқа азамат іздеп келсе, сіздерді қайдан табады? Әр басшы қалаған уақытта кете берсе, тәртіп қайда қалады? Мұндай сапарға шығу үшін аудан әкімінен рұқсат алу керек. Ал жұмыс уақытында суға түсіп жүрген видеолар тарады. Бұл ұят емес пе? Мемлекеттік қызметкердің абыройына лайық іс пе бұл?», — деді ол.

Тексеру кезінде бөлім басшысы Молдабеков оқиға түстен кейін болғанын айтып, өзін ақтауға тырысқан. Бірақ ресми іссапар туралы бұйрық рәсімделмегені және бейнематериалдар арқылы оқиғаның жұмыс уақытында болғаны дәлелденді.
Кеңес шешімі бойынша, шенеуніктер ҚР Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің 6-бабының 5-тармағы және 8-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды бұзған.
Сондай-ақ сол күні демалыс орнында мемлекеттік нөмірлері алынып тасталған бірнеше көлік болғаны анықталды. Полицияға сұрау салынғанымен, бейнебақылау болмағандықтан, көліктердің нақты кімге тиесілі екені анықталмады.
Қазір ауданға барған тексерушілерді де жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық