Ақтөбеде жол апатынан зардап шеккендер Астанаға санавиациямен жеткізіледі
Фото: Әлеуметтік желі
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысында болған жантүршігерлік жол апатын тергеу жөнінде Үкіметтік комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, апаттан аман қалған 6 адам Хромтау ауданының орталық ауруханасына жеткізілген. Отырыс барысында Қанат Бозымбаев Денсаулық сақтау министрлігіне көмекке мұқтаж науқастарды санитарлық авиация көмегімен Астанаға тасымалдауды тапсырды. Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп қаза тапқандардың отбасына қажетті материалдық және психологиялық қолдау көрсету тапсырылды.
Апаттың мән-жайын тергеумен ІІМ-нің арнайы комиссиясы айналысады. Қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ, вице-премьер ІІМ мен көлік министрлігіне «Самара — Шымкент» трассасының учаскесінде қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныс дайындауды тапсырды.
Айта кетейік, кеше, 23 қазан күні Самара — Шымкент тас жолында DAF жүк көлігі мен «Газель» автокөлігі соғылды. Жантүршігерлік жол апатынан 12 адам көз жұмды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық