Ақтөбеде студентті дәретханада зорламақ болған ер адам сотталды
Фото: Orda.kz
Ақтөбедегі асханаға кешкі ас ішуге барған студент қызға шабуыл жасаған ер адам 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Ішімдікке салынған сотталушыға мәжбүрлі түрде емдеу тағайындалды.
Orda.kz тілшісі оқиға орнына барып, артынша сотқа қатысып, істің мән-жайын анықтады.
Ақтөбе қаласының №2 соты 35 жастағы ер адамға айыптау үкімін оқыды. Іс жабық қаралды, үкім ашық режимде оқылды. Сотталушы қаланың қақ ортасындағы қоғамдық орында бейтаныс студентті зорламақ болған.
Оқиға 14 қыркүйек күні сағат шамамен 21:30-да «Aport» асханасының дәретханасында болды.
Орта білімді, жұмысы жоқ ер адам ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі «Қылмысқа дайындалу, оқталу» және 120-бабы 1-бөлігі «Зорлау» бойынша айыпталды.
«Сотталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Моральдық зиян үшін өтемақы есебінде 1,5 млн теңге өндірілсін. Азаматтық талапты ерікті түрде орындауға үкім заңды күшіне енген соң 15 тәулік белгіленсін», — деді судья Нұрлан Бақтығали.
Жаза өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесі деп белгіленді. Сот ауырлататын мән-жай ретінде сотталушының алкогольдік масаң күйде қылмыс жасағаны, жеңілдететін мән-жай ретінде өкінгенін ескерді.
Сот барысында ұсынылған бейнежазба мен куәгерлердің айғақтары ер адамның «Aport» асханасына кіріп, әйелдер дәретханасына өткенін дәлелдеді. Қолындағы қайырылған шанышқымен есікті ашып, жәбірленушіні қорқытып, зорлауға оқталғаны белгілі болды. Көмекке келген азаматтар оның әрекетін тоқтатып үлгерген.
Жәбірленуші сотталушыны бұрын мүлде көрмегенін, танымайтынын, үкіммен келісетінін айтты.
«Дәретханаға кіргенде есікті біреу тартқылай берді. Киініп, есікке жақындай бергенде ер адам кіріп келді. Бір қолында шетіндегі ұштары бүгілген, ортасы шығып тұрған шанышқы бар, екінші қолында ішімдік болды. Айқайлап көмек сұрадым. Ол мені екі рет унитазға лақтырды. «Ауызыңды жап» деп бетімнен ұрып, шалбарымды шешпек болды. Үстіме отырып алып, қылғындырды. Кеудемнен ұстады. Мен қарсыласып, есікті теуіп, тырнадым. Есікте тырнақ іздері әлі тұр. Шамалы уақыттан соң адамдар көмекке келді. Мен дәретхана ішінен еңбектеп әрең шықтым. Үстім қан болды. Полиция келді. Ауруханаға барғанда мұрнымның сынғанын білдім. Қарақұсым көгерді, басым әлі ауырады. Әйелдер дәретханасының өзі алаңсыз кіруге болмайды. Сақ болу керек», — деді жәбірленуші.
Айта кетейік, Ақтөбе сотында 672 млн теңге шығын бойынша депутаттардың ісі қаралып жатыр.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық