Ақтөбеде нағашы апайынан құқай көрген 5 балаға әкім пәтер береді
Фото: Бейнеден кадр
Халықтан, Тоқаевтан көмек сұрап, бейнеүндеу жариялаған 5 балаға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пәтер береді. Бұған дейін балалардың үлкені әкелерінің ішімдікке салынғанын, ал аналарының психиатриялық ауруханаға жатқызылғанын айтқан болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қаласында жалғызбасты әйелдің 5 баласы қиын жағдайға тап болды. Балалар халықтан, Тоқаевтан көмек сұрап, бейнеүндеу жасады. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Онда жалғызбасты әйелдің бұрынғы күйеуі мен өз туыстарынан қысымға ұшырағаны жазылған.
«Бес баланы орналастыру керек. Қалған мәселелерді де қолға аламыз, одан бас тартпаймыз. Біз үшін ең маңыздысы – олардың болашағы. Егер заңбұзушылық болса, кінәлілер жауапқа тартылады. Балалардың тағдыры тікелей бақылауымда болады», — деді өңір басшысы.
Айта кетейік, Ақтөбеде нағашы апайынан «қысым көрдік» деген балалар бейнеүндеу жасап, президенттен көмек сұрады. Балалардың айтуынша, анасының жүйке аурулар ауруханасына түсуіне нағашы апайы кінәлі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық