«Мердігерді қорқытқан»: Әкім орынбасары 1% пара сұрағаны үшін сотталып жатыр
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында қос шенеунік мердігер ұтқан 228,2 млн теңгеден 1 %-ын сұрағаны үшін сотталып жатыр. Мердігер параны кеңсесінде бөліп берген. Сотталушылар параның бір бөлігін үйінде алған, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысының Шалқар аудандық сотында лауазымды қызметкерлерге қатысты сот басталды. Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Бектұрған Зайрымбет пен аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Алтынбай Беркімбаев ҚК 366 бабы 3 бөлігі 1,2,3,4 тармақтар бойынша айыпталды.
Алтынбай Беркімбаев — Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы. Шалқар ауданының тумасы, бұрын сотталмаған. 2024 жылы ол басқарған бөлім мен «Лидер-НС Строй» ЖШС арасында мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасаған. ЖШС қосалқы мердігер ретінде «Еуропа НС» ЖШС компаниясын тартып, араларында 2024 жылдың маусым айында келісімшарт жасалды. Келісімшарт негізіндегі жұмыс толығымен екінші компанияның жауапкершілігіне өткен. Келісімшарт сомасы — 223 796 648 теңге. Жұмысты аяқтау мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсаны.
«Беркімбаев — бөлім басшысы бола тұра құрылыс саласында үлкен тәжірибесі және мемлекеттік сатып алулар шеңберінде жеткілікті білімі бар адам ретінде нысан бойынша орындалған жұмыстың сапасын тексеруге, олардың техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеуін анықтауға, жұмысты қабылдау кезінде орындалған жұмыс актісін бекітуге, келісімшартта белгіленген мерзімде ақша аударуға құзыреті бар адам. Жұмыс қабылданғанша мердігерге төлем жасалмайтынын нақты білген. 2024 жылдың қараша айында пайдакүнемдік пиғылмен құзыретті жеке мақсатқа пайдаланып, орындалған жұмыстың сапасын тексермей, қабылдау кезінде кедергісіз өткізу үшін «Еуропа НС» ЖШС-нің директоры Ізкеновтен пара алғысы келген, яғни қылмыстық ниеті пайда болған. Беркімбаев Ізкеновпен жолыққан. 200 мың теңге талап еткен. Оның талабын орындамаған жағдайда бөлім қызметкерлері тарапынан бақылау мен анықтау жүргізілетінін ескерткен», – деді прокурор.
Мемлекеттік айыптаушы оның мердігерді қорқытып, пара беруге мәжбүрлегенін айтты. Осылайша, 200 мың теңгені қорқытып алған. Ары қарай қылмыстық әрекетін аудан әкімінің орынбасарымен бірге жасаған. Бектұрған Зайрымбет 54 жаста. Шалқар ауданының тумасы, бұрын сотталмаған. Ол 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Шалқар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
2024 жылдың 26 шілдесінде бөлім мен «Ел даму ырыс» ЖШС-і арасында келісімшарт жасалды. Мұнда Айшуақ ауылдық округі Бегімбет ауылында кәріз тазарту құрылыстарын салу, құрылысқа қалпына келтіру қызметтері міндеттелген. Құны — 228 224 506 теңге. Жұмысты аяқтау мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсаны.
«Шалқар аудан әкімінің орынбасары Зайрымбет заңсыз пайда табу мақсатында акт қабылдап, қаржыны кедергісіз аударып, «қамқорлық жасау» үшін пара алмақ болады. Жалғыз өзі жүзеге асыра алмайтынын біліп, бөлім басшысы Беркімбаевқа пара алуды, қылмысты бірге жасауды ұсынады. Беркімбаев басшысының ұсынысын қабылдап, алдын ала сөз байласады. 2024 жылдың қараша айында ЖШС орынбасарына Ниязбековке келеді. Беркімбаев ойын іске асыру үшін нысанды кедергісіз қабылдау, ақысын төлеу үшін келісімшарт сомасының 1 пайызын, яғни, 2 млн 300 мың теңге ақшасын пара ретінде беруді талап еткен», – деді прокурор.
Аудан әкімдігінің лауазымды қызметкерлері ауызбастырыққа сұраған ақшаны 1 млн теңгені мердігер кеңсесінде бөліп берген. 300 мың теңгесін үйіне жеткізген.
Сотталушылар тағылған айыппен келісті, сотта мойындайтындарын айтты. Іс тараптардың келісімімен қысқартылған тәртіпте қаралатын болды. Айыпталушылардың қорғаушысы келісімге келу үшін уақыт сұрады. Соттың келесі отырысы 21 сәуірде болады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Бакуде ресторанды өртеп, келген қонақтарды ғимарат ішіне қамап қойған
- Астанада сталкерге үкім шықты
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
- Шымкентте пәтерлердің бірінен 3 адамның денесі табылды
- «Ұруға рұқсат берілді»: Тәліптер Ауғанстандағы әйелдердің құқығын тағы шектеді
- Қазақстанда алаяқтық жасады деген күдікті түрік азаматы Черногориядан экстрадицияланды
- Еуропалық Одақтың бас дипломаты: Ресейді нақты ымыраға келуге мәжбүрлеу керек
- Құлсарыда сыныптастарына балта ала жүгірген оқушы мектеп партасына оралды
- Жасанды интеллект Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы футбол маусымы күнтізбесін жасады
- Алаштың ардақты ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толды
- Қасым-Жомарт Тоқаев АИИБ президентін қабылдады
- Таразда 2 баласын терезеден лақтырған әйел психикалық дертпен есепте тұрған
- Бішкекте мектеп сыныптарын орыс және қырғыз тілдеріне бөлуден бас тартпақ
- Ресейдегі Мемлекеттік Думада депутат Нұрлан Сабуровтың сөзін сөйледі
- Сабуровтың «майданға сыйлығы» туралы жазба әлеуметтік желідегі жанжалдан кейін өшірілді
- Жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдар үшін ЖТС шегерімін қолдану тетігі қаралды
- «Терроризмді насихаттаған»: Семей қаласының тұрғыны желідегі хабарламасы үшін сотталды
- Ақтөбеде әйел мен 3 баланың денесі табылды
- Сара Назарбаева ауруханадан шықты
- Астана қаласының прокуроры ауысты