Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады
Фото: Pixabay.com
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында 15 жастағы оқушы қыз өзіне қол жұмсады. Марқұмның денесін туыстары ауладан тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында оқушы қыздың өліміне қатысты полиция іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қайғылы оқиға 29 сәуір күні күндіз марқұмның үйінде болды. Оқушы осы оқиғаның алдында сабаққа барып келген. Сол күні оғаш мінез-құлық танытпағаны айтылады. Ресми мәліметке сүйенсек, өлім алдында хат жазып қалдырмаған.
«2025 жылғы 29 сәуірде Мәртөк ауданының 9- сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Жасөспірім ата-әжесімен және анасымен тұрған. Бала ол күні сабаққа барған, мінез-құлқында оғаш әрекет байқалмаған», — деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасы.
Қазіргі таңда құзырлы органдар оқиғаның себебін анықтап жатыр. Оқушы толыққанды отбасында өскен. Ата-анасы, ата-әжесімен бірге тұрады. Марқұмның денесін атасы тапқан.
Еске сала кетейік, 2021 жылы Ақтөбе қаласында 1-сынып оқушысын 9-сынып оқушылары соққыға жығып, зорлаған. Алайда 6 жасар бейкүнә бүлдіршінге осындай қиянат жасаған томардай жасөспірімдер әлі де бостандықта жүргені жайлы жазған едік.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық