Ақтөбеде құдыққа түсіп кеткен оқушы мен оны құтқармақ болған ер адам қайтыс болды
Фото: Pexels
Ақтөбеде құдыққа түсіп кеткен оқушы мен оны құтқармақ болған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысының Жарлы ауылында 9 жастағы қыз қоқыс қалдығы бар құдыққа түсіп кетті. Қыз баланы құтқару үшін түскен жаттықтырушы жігіт те құдықтан шыға алмады.
Қайғылы оқиға кеше 17 маусым күні Ақтөбе облысының Байғанин ауданында кешке болды. Ауыл тұрғындары 2-сынып оқушысын құтқармақ болған күрес жаттықтырушысының құдық ішінде уланып, қайтыс болғанын хабарлады.
«Орны толмас қаза болды. Нұрбол 200 баланы тәрбиелеп, Жарлы ауылының балаларын Азия чемпионатына дейін жеткізген еді. Қыз баланы құтқарамын деп, өзі де уланып, қайтыс болды», — деді бір ауыл тұрғыны.
Облыстық ТЖД бұл оқиғаны растады.
«17 маусым күні сағат 22:05 шамасында ішінде қоқыс қалдығы бар, тереңдігі 10 метрге жуық ескі құдыққа 9 жасар қыз бала түсіп кеткен. Оған көмектесуге ұмтылған 1987 жылғы азамат құдыққа түсіп, шыға алмағаны анықталды. Сағат 22:13-те екі адам құдықтан құтқарушылардың көмегімен шығарылды», — деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың көмегімен бала мен ересек адам ес-түссіз халде құдықтан шығарылды. Алғашқы медициналық көмек дер кезінде көрсетілді. Бірақ оларды аман алып қалу мүмкін болмады.
Еске сала кетсек, Ақтөбеде жарылыс болып, төбесі ортасына түскен көпқабатты үйге қатысты сараптама қорытындысы шыққаны жайлы жазған едік. Әкім мен әкімдіктің қызметкерлері тұрғындармен жолыққан болатын. Тұрғындар бір кіреберісті ғана жарамсыз деп танығанына наразы болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық