«Тұрғын үйдегі жарылыс»: Ақтөбе әкімдігінің қызметкері оқиғаны Ресейдегі жағдаймен салыстырды
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде жарылыс болып, төбесі ортасына түскен көпқабатты үйге қатысты сараптама қорытындысы шықты. Экспертиза бір кіреберісті ғана жарамсыз деп таныды. Тұрғындар жарылыс болған ескі үйдегі жағдайға алаңдап отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет Абай көшесіндегі 24/1 үйдің тұрғындарымен кездесті. Көпқабатты үйде жарылыстан кейін келген шығынға қатысты сараптама қорытындысы көрсетілді.
Тұрғындар бір кіреберісті ғана жарамсыз деп танығанына наразы болды.
Олар ескі үйде жарылыстан кейін тұрудың қауіпті екенін алға тартты.
«Қиын жағдай болды. Енді 54 жылда үйге толық бір жөндеу жасауға болады ғой?!», —деген тұрғынға қала әкімінің қасында тұрған мекеме өкілі жауап берді.
Ол бұл оқиғаны Ресейдегі жағдаймен салыстырып түсіндірді.
«Сіздер теледидардан жаңалық қарап отырасыздар. Ресейде ай сайын тұрғын үйлерде жарылыс болады ғой. Бізде де болды…», — деді «Ақтөбеазаматтықжоба» ЖШС-нің бас инженері Ербол Шүйіншалин.
Ал тұрғын Қазақстанда тұратынын айтып, жағдайды Ресеймен салыстырмауды сұрады.
«Техногендік апаттар барлық жерде болып жатыр. Жаңалықтар қарайсыздар, көріп отырсыздар», — деп жауап қатты Шүйіншалин.
Әкімдік мәліметіне сүйенсек, сараптама қорытындысы жарылыс болған үйдегі 5-кіреберісті толықтай жарамсыз деп таныды.
Онда құрылыс жұмыстары жүргенде көрші 4, 6-кіреберістегі 45 пәтердің тұрғыны Есет батыр ауданына көшіріледі.
«Қорытындыда 1 және 8-кіреберістің бұл жарылысқа қатысы жоқ екені толық жазылған», — деді қала әкімі Азамат Бекет.
Тұрғындар жөндеу жұмыстарының нақты қашан аяқталатынын сұрады. Билік тарапынан бұл сұраққа нақты жауап болмады.
«Жарылыс болған кезде үй түгел қозғалды. Үйдің барлығы апатты деп танылу керек. Бұл өзі ескі үй. Сіздер құрылыс жұмыстары қашан аяқталатынынан бұрын қашан басталатынын айта алмай тұрсыздар», — деп күйінді зардап шеккен тұрғын.
Тұрғындардың көбі қала шетіндегі Есет батыр ауданының қолайсыз екенін айтты.
«Жағдай жасай алмасаңыз әкімдікке барып тұрамын», — деп пікір айтқандар болды.
Әкімдік жарамсыз деп танылған кіреберісті бұзу жұмыстарының құжаты бөлек жасалатынын түсіндірді. Кейін монтаж жұмыстарының жобасы бөлек дайындалады. Ал бұл жұмыстар толық қанша уақытта аяқталатыны айтылмады.
«Үйім ипотекада тұр. 10 жылға алдым. Кеше ғана көшіп келіп едім. Біз енді қалай өмір сүруіміз керек?! Басқа кіреберістер де зардап шекті. Үйімде жарықшақ пайда болды. Эксперт келіп қарады. Ештеңе айтпады. Жарылысқа қатысы жоқ дейді. Қазір 10 күннен бері солай тұрып жатырмыз», — деді бірінші кіреберістегі үйдің тұрғыны.
Әкімдік пәтері зақымданғаны туралы ТЖД-нің анықтамасын алған пәтер иелеріне 100 АЕК болатын бір реттік көмек берілетінін айтты. Жарылыс болған үйде 119 пәтер бар. Әкімдік зардап шеккен деп 45 отбасын атап тұр.
Естеріңізге салсақ, 4 маусым күні Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапқан еді. Үйдің едені опырылып түсті. Қазіргі уақытта үш кіреберіс қоршалып, жабық тұр.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық