Ақтөбеде қазақша күрестен жаттығуға кеткен 15 жастағы баланың мүрдесі қайтты
Фото: Бейнеден кадр
Ақтөбеде қазақша күрес бойынша оқу-жаттығу жиыны кезінде жазатайым оқиға болды. 15 жастағы Рахымжан Елепбергенов жаттығу кезінде қарсыласы жерге лақтырғаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға осы жылдың ақпан айында Астанадағы олимпиадалық резерв мектебінде болған. Оған ота жасалып, жас спортшы 42 күн ес-түссіз жатыпты. Рахымжан Елепбергенов 5 сәуір күні көз жұмады. Бірақ жасөспірімнің отбасы жақында ғана болған оқиға туралы айтуға бел буыпты.
Ақтөбедегі сайысқа 15 жастағы жасөспірім өз бапкерімен бірге Родниковка ауылынан келген. Спарринг кезінде қарсыласы жасөсіпірімді көтеріп кілемге лақтырған. Жасөспірім жағдайы нашарлап, басын ұстап, кілемде жатып қалған. Туыстарының айтуынша, оқиғадан 28 сағат өткен соң ғана бас сүйегіне ота жасалған екен.
Ата-ана ұлдары жарақат алған күні жиында дәрігерлер болмағанын, спортшылардың қасында алғашқы медициналық көмек көрсете алатын адам болмағанын кейінірек біліпті. Марқұмның туыстары көмек уақытында көрсетілсе, қайғылы оқиғаның алдын алуға болар еді деп ойлайды.
Айта кетейік, Ерейментауда қазақ күресінен Перуаш Кәрімұлының құрметіне өткен республикалық жарыста жасөспірім ауыр жарақат алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық