Ақтөбеде әскерден келген жігіт оқушымен жыныстық қатынасқа түсті
Фото: Қорғаныс министрлігі
Ақтөбеде әскерден келген 20 жастағы жігіт 10 сынып оқушысымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға оқушы қыздың үйінде болған. Ақтөбе облысы ауылдарының бірінде жас жігіт оқушы қызға жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған.
Бейресми мәліметке сүйенсек, күдікті жақында әскерден келген.
Ақпаратты аудандық білім бөлімі растады.
Оқиға 20 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Қазір тергеу, анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
«Зорлау емес. Бала қазір үйінде. Қасында мектеп психологтары мен анасы бар. Толыққанды отбасынан. Өздерінің айтуынша, жүріп жүрген жігіті келген. Үйінде болған жағдай. Қыз бала осыған дейін мектепішілік есепке алынған. Психологтар зерделеу жасағанда өз жасынан үлкендеу әрекеті болған соң қыздармен жұмысты күшейтіп, ата-анамен сөйлесті, есепке алды», деп хабарлады аудандық білім бөлімі.
Полиция оқиғаға қатысты ҚК-тің 122-бабы1-бөлігі бойынша іс қозғады. «Көрінеу 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау» бойынша тергеу жүріп жатыр.
«Кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет фактісі бойынша күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайлары толық анықталып жатыр.
Қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқандықтан, өзге ақпарат жария етілмейді», деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД-нің баспасөз қызметі.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық