Ақтөбеде 8,9 млн шығын келтірген алаяқ әйел сот залынан босатылды
Фото: Orda.kz
Ақтөбе соты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3 және 4-тармақтары бойынша айыпталған Жұлдыз Мұстафинаны 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Алайда кәмелетке толмаған балалары бар болғандықтан, жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
30 жастағы сотталушыға 19 жәбірленуші шағым түсірген. Шығын көлемі — 8,9 миллион теңге. Қылмыстық іс 12 томнан тұрады. Сотталушының білімі жоғары, тұрмыста, бұрын да сотталған.

Сот мәліметінше, ол бұған дейін бірнеше рет алаяқтық үшін жауапқа тартылған. 2024 жылдың тамыз айында 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, сол жылдың 3 қазанында Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы және 58-бабының 3, 6-бөліктері бойынша сотталған.
2025 жылдың 9 қыркүйегінде оған қатысты жаңа қылмыстық іс сотқа түскен. Бұл жолы ол 19 адамды алдап, ақша алған. Сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындады.

«Жұлдыз Мұстафина Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3 және 4-тармақтарымен айыпты деп танылсын. Түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасауға орай жаза мерзімінің үштен бір бөлігі қысқартылып, түпкілікті 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленсін», — деді судья Тұрсынхан Салықов.
Сот үкіміне сай, жазаны өтеу орны — қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесі болып белгіленді. Алайда кәмелетке толмаған балалары болғандықтан, жаза өтеу 5 жылға кейінге қалдырылды. Сотталушы сот залынан босатылды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 136 адамның мойнына 579 миллион теңге несие қарызын ілген емші де сот залынан босатылған болатын.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық