Ақтөбеде 12 адам қаза тапқан жол апатынан аман қалған жасөспірімнің жағдайы ауыр
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысында 12 адамның өмірін қиған жол апатынан тірі қалған 16 жастағы жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереевтің айтуынша, бүгін жасөспірімді тікұшақпен Ақтөбе қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізу жоспарланған. Қазір Хромтау аудандық ауруханасында тағы алты адам ем қабылдап жатыр.
Олардың үшеуі бүгін санитарлық авиациямен Ақтөбеге тасымалданады, қалған үшеуі аудандық ауруханада қалмақ.

«Бірінші телемедицина арқылы байланысамыз. Үш адамды санавиациямен облыс орталығына жеткіземіз. Жасөспірімнің жағдайы ауыр, қажетті ем қабылдап жатыр. Балалар бригадасы арнайы жіберілді. Тасымалдау кезінде балалар реаниматологі бірге болды. Күн сайын Астанадағы мамандармен байланыстамыз. Егер Астанаға жіберу қажет болса, жібереміз, әзірге ондай қажеттілік жоқ», – деді Ерлан Сұлтангереев.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің барлығы жансақтау бөліміне жатқызылған. Туыстарына олардың жағдайы туралы толық ақпарат берілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқастардың хал-жағдайына қатысты қосымша мәлімет беретінін хабарлады.
Қайғылы жол апаты 23 қазанда «Самара – Шымкент» тас жолының Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылы маңында болған. Алдын ала мәліметке сай, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Жүргенов ауылынан Ақтөбе қаласына бет алған «Газель» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 10 жолаушы мен екі жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Қайтыс болғандардың арасында үш жасар бала да бар. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық