Ақтөбе соты марқұмды туыстарына айтпай жерлеген полиция басқармасын жазалады
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысының полиция департаменті суға батып кеткен Аман Жақаевтың өлімін жақындарына хабарламай жерлеп тастады. Марқұмды үйсіздер зиратынан тапқан анасы мен қарындасына полицейлер моральдық залал үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбеде полиция қызметкерлерінің басы дауға қалған іске сот шешімі шықты. Ақтөбе облысының полиция департаментіне марқұмның анасы мен қарындасының әрқайсысының пайдасына 300 мың теңгеден моральдық залал өндіру міндеттелді.
Қайғылы оқиға 2024 жылы 26 маусым күні болды. Суға батып кеткен 51 жастағы Аман Жақаевтың өлімі туралы полиция туыстарына хабар бермеген. Қарындасы ағасының жерленген жерін 2,5 айдан кейін үйсіздер зиратынан тапты. Ол ағасының сұрауы жоқ адамдай көмілгеніне, мұсылманша жерлей алмағандары отбасына ауыр тигенін айтты. Сотқа азаматтық арыз түсірді.
Іс бойынша екі талапкер бар. Олар марқұмның анасы - Айтуған Иманғалиева және қарындасы - Жанат Иманғалиева.
Талапкерлер әрқайсының пайдасына 2 миллионнан жалпы сомасы 4 млн теңге моральдық залалды Қаржы министрлігінен және Ақтөбе облысы полиция департаментінен өндіруді сұрады.
Сотқа онлайн қатысқан Қаржы министрлігінің өкілі ПД өкілінен «марқұмның туыстарына хабар беруге не кедергі болды?» деген сауал қойды. Және заңсыз әрекет полиция қызметкерлері тарапынан болғандықтан қаражат полиция департаменті тарапынан өндірілуі тиіс екенін жеткізді.
«Мемлекеттік орган, лауазымды адамдардың әкімшілік басқарудағы заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиян осы органдардың есебіндегі ақшамен өтеледі», — деді қаржы министрлігінің өкілі.
Департамент өкілі полиция қызметкерлерінің марқұмның үйіне барғанын айтып, туыстарын белгісіз себеппен таппады деп баяндады. Бірақ ДП басшысы қызметкерлердің әрекетін салғырт қарағаны үшін «сылтау» деп таныды, тәртіптік жаза ретінде атқарған лауазымдарынан босатқанын айтты. Талапкер арызын қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.
Ал прокурор марқұмның өлімін хабарламаған, жеке заттарын туыстарына бермеген полицияның әрекеті заңсыз деп таныды.
«Жақын туысы қайтыс болғаны туралы туыстарына үш ай бойы хабарланбаған. Мүрдені мәйітханада себепсіз жатқызған. Кейін іздеуі жоқ қаңғыбас ретінде жалпы бейітте жерленген. Сот отырысында талапкерлер жақын туысын жер қойнауына тапсыру, жоқтау салтын ұстанып, кәделер жасау мүмкіндігінен айрылғандықтан жауапкерлердің әрқайсысынан 2 млн теңге моральдық өтемақы өндіруді сұраған. Жауапкер Қаржы министрлігі өзінің тиісті емес жауапкер екендігін және зиян келтірген мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының заңсыз әрекетіне өздерін ұстауға бөлінген ақшамен жауап беретіндігін көрсетіп, талапты қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Моральдық зиян Ақтөбе облысы полиция департаментінен өндірілуі тиіс. Талапкерлердің арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкер Ақтөбе облысы полиция департаментінен әрқайсысына 300 мың теңгеден моральдық өтемақы өндіруді сұраймын», — деді прокурор.
Соттың шешімімен Ақтөбе облысының Полиция департаментінен әр талап қоюшының пайдасына 300 000 теңге қаражат бөлінді.
Айта кетейік, Ақтөбе қызғалдақпен түскен суретін статусқа салған Жұбанов ауылдық округінің әкімі Ләззат Бердібаева сотқа шақырылған еді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық