Ақтөбе облысында әкімдік қызметкерлерін отырған жерлерінен қуып шықты
Фото: Orda.kz
Мұғалжар ауданы әкімдігінің бес бірдей бөлімі ұзақ жыл отырған ғимаратты босатуға мәжбүр болды. Мұнай компаниясы әкімдікке жалға берген ғимаратты сатып жіберген. Жаңа басшы мемлекеттік қызметкерлерді қуып шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің қызметкерлері 20 жыл отырған ғимараттан айрылды. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда кезінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясына тиесілі болған көпқабатты ғимараттың жеке адамның қолына өтіп кеткені айтылады. Ол аудандық мәслихаттың бұрынғы төрағасы Қадралин болуы мүмкін екені хабарламада жазылды.
Осы ақпарат жайлы аудан әкімдігінен сұрастырдық. Мұғалжар ауданының әкімі Дарған Ермағанбетов ғимараттың кімге өткенінен хабарсыз. Бірақ әкімдіктің бес бөлімінің қызметкерлері ғимараттан шығарылғанын растады.
«Ғимараттың өтіп кеткені туралы хабарсыз болдық. Сол ғимаратты бес бөлім жалдап отырды. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы ғимараттың сатылғаны туралы бізге ақпарат бермеді, ескертпеді. Келісімшартты бұзу туралы хабарлама болмады. Бізге сатып алған адам ғана хабар берді. Ғимаратты босатып бердік. Бөлімдерді жан-жаққа орналастырдық. Әкімдікке сыймағаны жалға алып, басқа ғимараттарға көшірдік. Бұл ғимарат әкімдікке тиесілі емес. «СНПС-Ақтөбемұнайназ» компаниясының меншігіне тиесілі. Кезінде келісіп, әкімдік бөлімдері көшірілген. Қазір ғимарат басқа меншікке өткеннен кейін біз оны босаттық. Қашан және қаншаға өткені туралы ақпарат жоқ», —деді аудан әкімі Ермағанбетов.
Айта кетейік, Мұғалжарда аудандық мәслихатының бұрынғы төрағасы Бақытжан Қадралин қамауда отыр. Ол 672 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс әлі тергеуде. Іс материалдарына сүйенсек, экс-депутат жатақхананы мемлекетке тұрғын үй ретінде сатқан. Кейін бюджеттің 672 млн теңгесінен айрылып қалған аудан әкімі сөгіс алды.
Мұғалжар ауданында жекеге өтіп кеткен ғимараттар аз емес. Аудан әкімдігі берген ресми мәліметке сүйенсек, тоқсаныншы жылдары Қандығаш қаласында 14 ғимарат мемлекеттік балабақша болды. Қазіргі уақытта олардың үшеуі ғана қалды. Қалған 11 балабақшаның дені жеке тұрғын үй ретінде жекешеленіп кеткен.
Еске сала кетсек, Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында бес жыл бойы салынған саябақтың әлі қаңырап тұрғаны жайлы жазған едік.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық