«Ақтөбе» футбол клубында 250 млн теңге жымқырылғаны белгілі болды
Фото: freepik.com
Бюджеттен бөлінген 250 млн теңгені «Ақтөбе» футбол клубының басшылығы жымқырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Облыс прокуратурасы Бас прокуратураның тапсырмасымен Ақтөбе футбол клубын тексерді. Ақыры 250 млн теңге қаражаттың жымқырылғанын анықтады.
Басшылық ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау қызметтері қаражатын, ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражатты қалтасына басып отырған.
«Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», деп хабарлады Бас прокуратура.
Айта кетейік, наурыз айында Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған қылмыстар әшкереленді.
2024 жылы «Ақжайық» футбол клубының бұрынғы басшысы ұсталды.
Еске сала кетсек, қаңтарда Павлодарда мектеп оқушысын зорлаған футбол менеджері өмір бойына сотталған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық