Ақтаудағы ұшақ апатының себебі – Ресейдің ракетасы
Фото: ТЖМ
Әзірбайжандық үкіметтік көздер Euronews-ке Ақтаудағы Azerbaijan Airlines ұшағының апатына Ресейдің зениттік зымыраны себеп болғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Дереккөздің мәліметінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымыраны AHY8432 рейсіне Грозный үстінде ұшып бара жатқан кезде жарылып кеткен. Оның қалдықтары ұшақтың жолаушылары мен экипажын зақымдап, ұшақтың қасында атылған.
Әзірбайжандық үкімет дереккөзінің айтуы бойынша, ұшақтың Ресей әуежайларына қонуына тыйым салынған және ұшқыштардың мәжбүрлі қонуға өтініш жасағанына қарамастан рұқсат бермеген. Экипаж мәжбүрлі түрде Каспий теңізі үстімен Ақтауға бет бұрды.
«Дереккөздің ақпараты бойынша, AHY8432 рейсіне қарсы зениттік ракета атқыланған, грозный үстінде дрондар шабуыл жасаған кезде орын алған. Ракета әуедегі ұшақтың жанында жарылып, салдарынан сынықтар ұшақтың жолаушылар бөлімі мен ұшқыш кабинасын зақымдады», — деп жазады Euronews.
Сонымен қатар, ұшақтың теңіз үстінен ұшқанда GPS-навигациясы жол бойы бұғатталды.
Айта кетейік, Ақтау маңындағы әуе апаты салдарынан 38 адам қайтыс болып, 29 адам зардап шекті. Қаза болғандар арасында 6 Қазақстан азаматы бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық