Embraer Ақтауда апат болған ұшақта қандай да бір ақау барын жоққа шығарды
Фото: Orda.kz
Бразилиялық авиация саласындағы Embraer консорциумы Ақтаудағы әуе апатына ұшыраған ұшақтан ұшуға кедергі келтіретін ақаулардың анықталмағанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz
Oxu.Az мәліметінше, Azerbaijan Airlines (AZAL) Embraer компаниясы 190 ұшағында болған оқиғаға қатысты қаза тапқан жандардың жақындарына көңіл айтып, ұшақтың ұшып-қонуына ештеңке кедергі келтірмегенін жеткізді.
«Біз оқиға барысында қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне, достарына, әріптестері мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жағдай барысын мұқият бақылап отырмыз және тиісті органдарға толық қолдау көрсетуге дайынбыз»,– деп айтылған мәлімдемеде.
Ұшақ шығаратын Embraer компаниясы тиісті органдарға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда, компания ұшақтың осы моделінде ұшуға кедергі келтірген ақаулардың анықталмағанын ресми түрде мәлімдеді.
Бұл мәліметті AZAL компаниясы да растап отыр.
«Жалпы ұшақ - 9 949 рет ұшып-қонған, ұшу уақыты - 15 257,22 сағатты қамтиды. Ұшақ толық техникалық тексерістен 2024 жылдың 18 қазанында өтті. Соңғы тексерістен кейін 671 сағат ұшқан», – делінген Әзірбайжан авиация компаниясының түсіндірмесінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық