«Ақтаудағы сарбаздың өлімі»: Қорғаныс министрлігі істі өз қолына алды
Фото: Қорғаныс министрлігі
Orda.kz Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан жалғыз ұлына офицердің оқ атқанын айтқан әке жайлы жазған болатын. Ол әділ тергеуді талап етті. Қорғаныс министрлігі осы істі өз қадағалауына алғанын хабарлады.
Қорғаныс министрінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Бұл комиссияны министрдің орынбасары генерал-майор Ш.Жазықбаев басқармақ.
Министрліктің ресми мәлімдемесінде бұл қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқаны, ал тергеу органдарына объективті және ашық тергеу жүргізу үшін толық қолдау көрсетілетіні айтылды. Қорғаныс министрлігі кінәлілердің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
«Ақтау гарнизонындағы 25744 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісінің қайтыс болуына қатысты хабарлаймыз
Іс Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды. Оның тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Ш-Х. Жазықбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайлары жан-жақты тексеріліп, тергеу органдарына объективті тергеу жүргізу үшін толық көмек көрсетілуде.
Кінәлі тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.
ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Сондай-ақ сарбаздың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетіледі», деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.
Еске сала кетсек, қаза тапқан сарбаздың әкесі Қорғаныс министріне ашық үндеу жолдап, істің мұқият әрі тәуелсіз тергелуін сұраған болатын. Ол қарудың өздігінен атылмайтынын, ату үшін оқтап, сақтандырғышты алып, шүріппені басу қажет екенін атап өтті. Әкесі істі жауып, бұл оқиғаны кездейсоқ өлім деп көрсетуі мүмкін деп алаңдап отыр. Ол Қорғаныс министрінен тергеуді жеке бақылауға алып, шындықтың ашылуын талап етті.
Жаңалықтар
- Асқар Ақаев: Садыр Жапаров тағы бір мерзімге қалуы тиіс
- Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді
- Үкімет жасанды интеллект жүйелерінің қазақ тілінде сапалы жұмыс істеуіне күш салады
- «Қызымның сүйегін өзім жинадым»: Томиристің әкесі сотта жауап берді
- 110 күнге созылған блокададан кейін Ормуз бұғазы арқылы алғашқы танкерлер өте бастады
- Жанәбіловтерден тәркіленген көліктер аукционға шығарылды
- Әлемдегі ең ұзақ тікелей әуе рейсі 2027 жылы іске қосылады
- БАӘ-де 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды
- Жамбыл облысында лауазымын пайдаланып, ірі алаяқтық жасаған екі бұрынғы полицей сотталды
- Түркістанда полицейлер қауіпті кортежді тоқтатып, ықтимал жол апатының алдын алды
- Пезешкиан АҚШ-пен жасалған меморандумды «тарихи құжат» деп атады
- Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрін меморандумға қол қойылуымен құттықтады
- Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған полицей Ақтөбеде жаңа қызметке тағайындалды
- ҚР СІМ: Қазақстан босқындардың жаппай ағылуына жол бермейді
- «Алдымда өмір бойы түрме күтіп тұр»: Атыраудағы төрт адамның өліміне қатысты сотта 70 миллион теңге талап етілді
- Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 33 млрд теңге бөлінді
- «Жағдайы жақсы отбасы»: Министр жұрт іздеген курьер әйел туралы пікір білдірді
- Тегіміз өмірге кедергі: Нұрқаділовтің немересі әкесі Қайраттың жұмыс таба алмай жүргенін жазды
- Президент дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты бірқатар мәлімдеме жасады
- Астанада бір топ жасөспірім бес оқушыны соққыға жыққан