«Ақтаудағы сарбаздың өлімі»: Марқұмның әкесі әділ тергеу талап етіп жатыр
Фото: Қорғаныс министрлігі
Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметін өтеуге жалғыз ұлын жіберген отбасына баланың мүрдесі қайтыпты. Енді Маңғыстау облысындағы полигонда қаза тапқан сарбаздың әкесі Қорғаныс министріне ашық үндеу жолдап, істің мұқият әрі тәуелсіз тергелуін сұрады, деп хабарлады Orda.kz.
Марқұмның әкесінің айтуынша, ұлының өлімі кездейсоқ емес, офицер әдейі атқан.
«Ұлымды бетіне оқ атып өлтірді. Бұл жай кездейсоқтық емес», — деді ол бейнеүндеуде ашына сөйлеп.
Ол қарудың өздігінен атылмайтынын, ату үшін оқтап, сақтандырғышты алып, шүріппені басу қажет екенін атап өтті.
Әкесі істі жауып, бұл оқиғаны кездейсоқ өлім деп көрсетуі мүмкін деп алаңдап отыр. Ол Қорғаныс министрінен тергеуді жеке бақылауға алып, шындықтың ашылуын талап етті.
Сарбаз полигонда оқ тиген соң, жарақат алып, ауруханаға барар жолда көз жұмғаны белгілі болды.
Әскери гарнизонның ресми мәліметіне қарасақ, қайғылы жағдай қаруды дұрыс пайдаланбағаннан болған.
Қаза болған сарбаз 19 жаста және отбасындағы жалғыз ұл болыпты.
Еске сала кетсек, бұған дейін Orda.kz әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаян Мұхтардың жақындарымен сұхбаттасқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық