«Ақтаудағы ауыз су жанжалы»: Маңғыстау облысы әкімдігі мәселені қалай шешетіндерін айтты
Фото: Lada
Маңғыстау облысында «Каспий» тұщы су өндіру зауытының қуаттылығын екі есе арттыруға арналған ауқымды жоба басталды.
Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтауда жыл сайын жаз айларында су тапшылығы, құбырлардың жиі жарылуы сынды қиындықтар туып, дау-жанжал болып жатады. Тіпті қала тұрғындары облыс әкімдігі қызметкерлерін су мәселесін шешпеді, мемлекеттік басшының тапсырмасын орындамады деп, жауапқа тартуды талап еткен петиция жасады.
«Мәселені шешу мақсатында үкімет «Каспий» зауытын тәулігіне 20 мың текше метрден 40 мың текше метрге дейін кеңейту жобасын іске қосты. 25 шілдеде қуаттылығы 5 мың текше метр болатын бірінші қондырғы іске қосылды. Қалған төрт қондырғы тамыздың соңына дейін пайдалануға беріледі. Күзге дейін зауыттың қуаттылығы екі есе ұлғайтылып, өңірге қосымша 40 мың текше метр су берілетін болады» деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.
Сонымен қатар, тұщы су көлемін арттыру мақсатында ТОО «МАЭК» аумағында жаңа тұщы су өндіру қондырғысы іске қосылды. ТОО «СК-А-Строй» өзінің қондырғысының қуатын 5 мың текше метрден 9 мың текше метрге дейін ұлғайтатындарын айтты.
Еске сала кетейік, Orda.kz Ақтауда ауыз сусыз отырғандардың көшеге шығып, жолды жауып тастағанын жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық