Ақтауда ауыз сусыз отырғандар көшеге шығып, жолды жауып тастады
Фото: Lada
Ақтаудағы 19-ықшамаудандағы 43-үйдің тұрғындары үш күннен бері ауыз сусыз қалыпты. Осы қиындыққа ел назарын аудару үшін олар жолды жауып тастады. Оқиға орнына дереу полиция келді.
Бұл туралы Lada.kz хабарлады.
Маңғыстау облыстық полиция басқармасының қызметкерлері жолды босатып, тұрғындарды жол жиегіне шығуды сұрады. Көлік қозғалысы қалпына келтірілді.
Ал наразы жұрттың алдына қала әкімі Ұлықбек Тналиев пен ҚЖСА басшысы келді.
«Қала әкімі, Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жауаптылары, Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және «Каспий Жылу, Су арнасы» МКҚК басшылығы тұрғындармен сөйлесіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді. «Каспий Жылу, Су арнасы» коммуналдық кәсіпорны ЦУВС-4 мекемесінде ауыз су көп тұтынылған соң суды жіберетін қысым кешкі 19:00-ге дейін басылғанын тұрғындарға жеткізді. Тұрғындар мән-жайды естіген соң, үйді-үйіне тарқасты» деп мәлімдеді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық