Ақтаудағы әуе апаты: дронмен видео түсірген блогер қамалды
Фото: instagram/ Азамат Сәрсенбаев
Блогер Азамат Сарсенбаев Ақтаудағы әуе апаты маңайын дронмен түсіргені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сәрсенбаевтың адвокаты Айбек Сүйіндіковтың мәліметінше, Маңғыстау облысының Түпқараған аудандық сотының қаулысына сәйкес, Сарсенбаев құқық қорғау органдары қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындады.
Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, жаза қылмыстық кодекстің 667-бабының 1-бөлігі «Билік өкілінің заңды талабына бағынбау» бойынша тағайындалған, ол 15 тәулікке дейін қамауға алу шарасын көздейді. Сот істің мән-жайын ескеріп, ең төменгі жазамен шектелген.
Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ, Азамат Сарсенбаевтың қорғаушысы шешімге шағым түсірмек ниетте екенін айтып, қорғауындағы адамның әрекеттерінде жаман пиғыл болмағанын және оның қоғамды ақпараттандыруға бағытталғанын атап өтті.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау маңында әуе апаты болды. Сол сәтте-ақ, Сәрсенбаев өзін полиция ұстағанын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
- Қазақстанда тыңшылық жасады деген өзбекстандық профессор туралы не белгілі?
- Непал мен Қытайдағы алапат су тасқыны: Қазақстан азаматы жоғалған
- Сотта Ұлдана Мырзуан қаза тапқан үйдегі жөндеу жұмыстары айтылды
- Көрінбейтін бүйрек саудасы: Ауған әйелдері балаларын осылай аштықтан сақтап отыр
- Құрылтай депутаттарына куәлік пен төсбелгі табысталды
- Алматыда ер адам 9 жастағы қызға жыныстық сипаттағы әрекет жасады деген күдікке ілікті
- Ұлдана Мырзуанның өлімі: Сотта жедел жәрдем мен ТЖД әрекеті талқыланды
- Астананың 315 мың оқушысы қоғамдық көлікте тегін жүреді: LRT картасын қалай аламыз?
- Қазақстанда алимент төлемеген 279 борышкер құмар ойынға 600 млн теңге салған
- ҚР ІІМ 14 жыл бұрынғы қылмысты ДНҚ сараптамасы арқылы ашты
- Қазақстандық екі TikTok креаторы халықаралық марапатқа ие болды
- БАӘ-де қайтыс болған екі қазақстандық қызға қатысты не белгілі?
- Тоқаев бірқатар басшыны лауазымынан босатты
- Талғарда тағы бір қылмыс: Кісі өлтірді деген 56 жастағы күдікті ұсталды
- Биылғы «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі шықты
- Президент партияларға Құрылтай депутаттары тізімін бекітуге 28 тамызға дейін уақыт берді
- Бір-біріне сілтеп отыр: Еліміздегі бензин сапасына кім жауапты?
- 232 адам «Болашақ» стипендиясын иеленді
- Кім Құрылтай депутаты атанады? Партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады
- ОСДП Құрылтайдың жаңа құрамына кіретін сегіз депутаттың атын атады