Ақтау қаласының прокуроры Алматы әуежайында ұсталды
Фото: әлеуметтік желіден
Ақтау қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ерболат Әбдіров Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға ол демалыста жүріп Астанадан Алматыға ұшып келген кезде болды. 48 жастағы Ерболат Әбдіровті полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері ұстады. Прокурор мас болып бұзақылық жасағаны үшін құрықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас жүру) және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау) бойынша хаттама толтырылды.
Ерболат Әбдіровтің прокуратура органдарында 20 жыл жұмыс істегені белгілі болды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы осы факт бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын, оның нәтижесі бойынша қызметкерге қатысты тиісті шара қабылдайтынын хабарлады.
Айта кетейік, бүгін, 9 қыркүйекте Тоқаев ҚМА төрағасымен кездесті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық