Тоқаев ҚМА төрағасымен кездесті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Елімановпен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Жанат Еліманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақша жымқыруға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар жөнінде толық ақпарат берді.
Ведомство 24 миллиард теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған жалған компанияларды әшкерелеп, есірткі сатудан және алаяқтықтан түскен табыстарды жымқырған 20 заңсыз криптобиржа қызметін тоқтатқан. Сондай-ақ, ТМД аумағындағы ең ірі криптоқызметті жойған.
Төрағаның мәліметінше, қаржылық мониторинг агенттігі 720 қылмыстық істі тергеуді аяқтап, 15 ұйымдасқан қылмыстық топты, соның ішінде 3 трансұлттық топты жойған.
«Бұдан бөлек, 17,1 миллиард теңге болатын мұнай өнімдерін заңсыз шығару әрекеті тоқтатылды, заңсыз темекі өнімдерін дайындаған 2 жасырын цех және суррогат алкоголь өнімдерін өндіретін 16 цех әшкереленді. Жасырын айналымнан 12 миллиард теңгеге бағаланған вейптер алынды», — деді Жанат Еліманов.
Сонымен қатар, заңсыз микронесие беру деректері бойынша 23 тергеу ісі басталған. Оның шығыны 71 миллиард теңге болған.
Айта кетейік, бүгін, 9 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Желдібайды өзінің жаңа көмекшісі және баспасөз хатшысы етіп тағайындады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық