Ақсуда баланы зорлап, өлтірген ер адам 15 жылдан соң табылды
Фото: freepik.com
Павлодар облысы Ақсу қаласында кәмелетке толмаған баланы зорлап, кейін қылмысын жасыру мақсатында оны өлтірген ер адам Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотталушы 2008 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласындағы пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған баланы зорлаған. Кейін күдікті зорлағаны үшін жауаптылықтан қорқып, таныстарымен бірге баланы қала шетіне алып барған. Жол бойында сыбайластардың бірі, яғни бұрын адам өлтіргені үшін сотталған танысы жәбірленушіні тұншықтырып өлтірген.
Болған жағдайды жасыру үшін қылмыскерлер мәйітті далаға көмген. Қылмыс әшкере болғаннан кейін, ер адамның сыбайластары әртүрлі жазамен сотталды. Ал бала зорлаған ер адам 15 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
Ол Ресейден табылып, қазіргі уақытта Петропавл қаласының тергеу изоляторына қамалды.
«Оған тағылған қылмысқа он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған» делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық