АҚШ-тың арағайындығымен Израиль мен Ливан арасында алғаш рет келіссөз жүріп жатыр
Фото: Ашық дереккөзден
Ливан мен Израиль 30 жылдан астам уақыттан кейін АҚШ-тың арағайындығымен тікелей келіссөздер жүргізе бастады. Келіссөз Вашингтон қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Келіссөздердің басталуына қарамастан, Израиль Ливанның оңтүстігінде әскери операциясын жалғастырып жатыр. Бұл әрекеттер Хезболла содырларына қарсы бағытталған.
АҚШ мемлекеттік департаменті ғимаратында Ливан атынан АҚШ-тағы елшісі Нада Хамаде, ал Израиль атынан елші Йехиэль Лейтер кездесті.
Ал Дональд Трамп әкімшілігі атынан мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен АҚШ-тың Ливандағы елшісі Мишель Исса, кеңесші Майкл Нидхэм және БҰҰ-дағы арнайы өкіл Майк Уолц қатысты.
Кездесу алдында шенеуніктер қысқа уақытқа фотоға түсіп, кейін келіссөздерді жабық форматта жалғастырды.
Марко Рубио бұл келіссөздерден үлкен нәтиже күтпеуге шақырып, оның тек «процестің басталуы» екенін айтты.
«Бұл мәселенің барлық күрделілігі алдағы алты сағатта шешілмейді. Бірақ біз алға жылжуды бастап, болашақта оң әрі тұрақты нәтижеге әкелетін жағдай қалыптастыра аламыз», – деді ол.
Айта кетейік, 2 наурыз күні «Хезболла» жасаған шекара маңындағы шабуылдан кейін Израиль әскері 2024 жылғы қарашада күшіне енген атысты тоқтату келісіміне қарамастан, Ливан аумағындағы әуе және құрлықтағы әскери операцияларын кеңейтті.
Ливан денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, Израиль шабуылдары салдарынан кемінде 2089 адам қаза тауып, 6762 адам жараланған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық