АҚШ-та Трамптың жақтаушысы Чарли Киркті сөз сөйлеп тұрғанда атып өлтірді
Фото: Бейнежазбадан кадр
АҚШ-тың Юта штатында Дональд Трамптың жақтаушысы әрі саяси белсенді Чарли Киркке шабуыл жасалды. Оқиға Юта Вэлли университетінің ғимаратында сөз сөйлеп тұрғанда болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Киркті шамамен 200 метр қашықтықтан атқан. Оқ мойнына тиген. Жараланған адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Алайда кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Чарли Кирктің қайтыс болғанын хабарлады.
Чарли Кирк 31 жаста еді. Ол Turning Point USA студенттік қозғалысының негізін қалаушы, бұл ұйым жастар арасында ескі құндылықтарды насихаттайтын. Сонымен қатар, Кирк подкаст жүргізіп, саяси пікірталастарға белсенді қатысатын.
Оқиға университетте дүрбелең туғызды. Студенттер қорқып, оқиға орнынан үдере қашты. Әлеуметтік желілерде айқай-шуға толы, кампусты тастап қашып бара жатқан адамдардың бейнежазбалары таралды.
Бастапқыда билік күдіктіні ұстағанын мәлімдеген. Алайда кейін оның әлі де бостандықта екенін растады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық