АҚШ-та Қазақстан арқылы Ресейге заңсыз қару жеткізбек болған саудагер ұсталды
Фото: АҚШ Әділет министрлігі (айыптау қорытындысынан скриншот)
АҚШ-та қару бөлшектерін Қазақстан арқылы Ресейге заңсыз жеткізу әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ-та қару-жарақ бөлшектерімен айналысатын саудагерге атыс қаруына арналған бөлшектерді заңсыз Қазақстанға экспорттады деген айып тағылды. Жүк Ресейге жеткізілуі тиіс болған.
АҚШ-тың Бруклин қаласындағы федералды прокуратура 42 жастағы Максим Ларинге қарсы айыптау актісін ұсынды. Лариннің АҚШ заңдарын айналып өтіп, қару-жарақ бөлшектері мен тактикалық құралдарды шетелге экспорттауда өз компанияларын пайдаланғаны айтылды. Экспортталғандар арасында қашықтағы нысаналарды көздеуге арналған Raptar құрылғысы бар.
2022 жылдың желтоқсанынан бастап Ларин ресейлік серіктесімен Қазақстан арқылы заңсыз жеткізілімдер туралы келіссөздер жүргізген. Бақылаудан өту үшін ол тауарлардың құнын әдейі төмендетіп, «киім, құралдар мен қосқыш» сынды құжаттарға жалған мәліметтер енгізген.
Ал шын мәнінде, қораптардың ішінде қару бөлшектері, шүріппелер, тұтқалар және нысана қою жүйелері болған.
«Солдаттар бейнеленген сәлемдемелер кеденде күдік тудыруы мүмкін. Қораптарды ауыстырамыз ба, әлде тәуекел етеміз бе?» деп сұраған Ларин өз хаттарының бірінде.
2023 жылдың желтоқсанында ол клиентіне Raptar құрылғысын сатып алып, оны АҚШ арқылы жөнелтпек болған. Алайда жүкті Калифорниядағы арнайы қызмет өкілдері ұстаған.
Ер адам Флоридада тұтқындалып, кейін федералды сотқа жеткізілді. Ларинге АҚШ үкіметін алдау мақсатында сөз байласу, экспорттық бақылау заңдарын бұзу, контрабанда және жалған декларациялар беру секілді бірнеше айып тағылды. Егер кінәсі дәлелденсе, оған 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық