АҚШ пен Ресей Украинадағы соғысқа қатысты құпия жоспар дайындап жатыр
Фото: DALL-E нейрожелісі
АҚШ пен Ресей билігі Украинадағы соғысты тоқтату үшін жасырын түрде ауқымды жоспар құрып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Келіссөздер өте қатаң ережемен, құпия жүргізіліп жатыр. 28 тармақтан тұратын жоспар төрт бағытты қамтиды: Украинадағы соғысты тоқтату, қауіпсіздік кепілдіктері, Еуропадағы тұрақтылықты нығайту және АҚШ-тың Ресеймен және Киевпен болашақ қатынастарын орнату.
Құжатты дайындауға АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф белсенді атсалысып отыр. Қазан айында ол Майамиде Кремль өкілі Кирилл Дмитриевпен үш күндік келіссөздер жүргізген еді.
Бұған дейін Ресей Федерациясы президентінің арнайы өкілі Уиткоффпен үш күндік нәтижелі кездесулердің бейбітшілік, сауда, экономикалық ынтымақтастыққа әсері болғанын айтқан еді.
Кейінірек бұқаралық ақпарат құралдарында жоспардың егжей-тегжейі пайда болды. Financial Times анонимді дереккөздерге сілтеме жасай отырып, келіссөз барысындағы ұсынысқа мыналар жататынын жариялады:
- Донбасстың қалған бөлігін тапсыру және Украина әскерін екі есе қысқарту;
- Орыс тіліне ресми мәртебе беру;
- Мәскеу Патриархатының православие шіркеуін мойындау;
- Америкалық әскери көмекті азайту;
- Шетелдік әскерлерді орналастыруға тыйым салу.
Айта кетейік, 19 қарашада Украина басшысы Түркияға «келіссөздерді жандандыру» үшін барды. Анкарада Зеленскиймен кездесу қорытындысы бойынша Ердоған елдерді келіссөздер үстеліне қайта отыруға шақырды.
Еске салайық, кеше ғана Ресей әскери күштері Тернопольдегі үйлерге оқ жаудырды. Украинаның ТЖМ таратқан соңғы мәлімет бойынша 19 адам қаза тауып, 66 адам зардап шекті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық