АҚШ өз азаматтарын шұғыл түрде Венесуэладан кетуге үндеп жатыр

cover Getty Images

АҚШ мемлекеттік департаменті америкалықтарды елдегі қауіпті жағдайға байланысты Венесуэладан дереу кетуге шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.

АҚШ мемлекеттік департаменті тиісті ескерту АҚШ-тың Каракастағы елшілігінің сайтында жарияланған.

«Венесуэладағы қауіпсіздік жағдайы тұрақсыз болып отыр. Халықаралық әуе рейстері өзгеретін болғандықтан Венесуэладағы АҚШ азаматтары тез арада елден кетуі тиіс» деп хабарламада таратты олар. 


Елшілік өз азаматтарын өте сақ болып, абайлап жүруге шақырды. Жолда тосқауылдар орнатылып, автокөліктерді тексеретін қарулы топтар туралы хабарламалар бар екенін, сондықтан жолда өте қырағылық танытуға үндеп жатыр. Ведомство атап өткендей, бүкіл ел бойынша электр энергиясы мен коммуналдық қызметтер тоқтай бастаған.

Венесуэла қазіргі кезде ең жоғарғы ескерту жағдайында, яғни аса қауіпті 4-деңгейде тұр. Бұл осы елге бармау керектігін білдіреді. Бұл кез-келген шетел азаматына қатерлі қауіп төндіруі мүмкін жағдай. 

 Еске салсақ, Ақ үй Венесуэла билігіне мұнай өндірісін ұлғайтпас бұрын, Қытай, Ресей, Иран және Кубамен экономикалық байланыстарды үзуге тура келетінін ашық ескертті. 

Айта кетерлігі Ресей, Куба, Колумбия, Беларусь, Бразилия және Чили  АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы агрессиясын айыптады.  Ең қызығы бәрі бірден Минск қаласында Лукашенконың бұған дейін айтқан АҚШ үшін Венесуэла да «екінші Вьетнамға» айналады деген сөзін еске ала бастады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар