АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
Фото: Бейнеден кадр
АҚШ Иран порттарына және мұнай, тыңайтқыш және басқа да маңызды тауарлар өтетін стратегиялық Ормуз бұғазына ішінара блокада енгізді. Бұл шара дүйсенбі күні АҚШ уақытымен сағат 10:00-де басталды, деп хабарлайды Orda.kz Foxsnews-ке сілтеме жасап.
Иран АҚШ порттарды бұғаттаса, міндетті түрде жауап қайтаратынын ескертті. Тегеран бұл әрекетті заңсыз және «қарақшылыққа тең» деп бағалады. Иран сондай-ақ өз порттарына кіріп-шығу шектелсе, Парсы шығанағындағы ешбір порт қауіпсіз болмайтынын мәлімдеді.
Бұл қақтығыс демалыс күндері Исламабадта АҚШ пен Иран арасында Пәкістан медиаторлығымен өткен келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін күшейді. АҚШ делегациясын басқарған вице-президент Джей Ди Вэнс негізгі кедергі Иранның ядролық амбицияларынан бас тартуды құптамағанынан болғанын айтты.
CBS News дерегінше, Пәкістан АҚШ пен Иранды келіссөздерді қайта бастауға көндіруге тырысып жатыр. Мақсат — қазіргі уақытша бітім мерзімі келесі аптада аяқталғанға дейін бейбіт келісімге қол жеткізу.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық